Мәулен ӘШІМБАЕВ: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

32
0
Бөлісу:

– Барлық қазақстандықтар сияқты екіұдай сезімде отыр­ға­нымды жасырмаймын. Бір жағы­нан, Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті өкілеттігінен бас тарт­қаны өкінішті. Екінші жағы­нан Елбасының ерлігі мен ақылы құрмет тұтуға әбден лайық.
Бәріміз бұл шешімнің аяқасты қабылданбағанын білеміз. ­Нұр­сұлтан Әбішұлының бұл қадамды қанша сағат, неше күн ойланып жасағанын тек оймен шамалауға болады. Бірақ Елбасы мемлекет пен халық мүддесі үшін әрдайым дұрыс шешімдер қабыл­дап кел­гені белгілі. Сондықтан бә­ріміз бұл шешімге құрметпен қа­рап, Тұңғыш Президент сая­са­ты­ның жалғасуы үшін қолдан кел­генін жасауымыз керек. Бұл – қа­зақ­стандықтардың Тұңғыш Пре­зи­денттің тұлғасы мен қызметіне көрсеткен құрметі болады.
Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы, Nur Otan партиясының Төрағасы, Конституциялық ке­ңестің мүшесі ретінде елдің да­муындағы маңызды рөлін сақтап қалады.
Нұрсұлтан Назарбаев ұлт Көшбасшысы болып қала бе­реді. Ол – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, ел ішінде және әлем сахнасында беделі жоғары саясаткер. Кеңес Одағынан кейін қарқынды даму деңгейіндегі экономикасы бар тұрақты және әлеуметтік мемлекет құрған тұлға.
Қазақстанның Тұңғыш Пре­зидентінің жігері мен батыл ше­шімдер қабылдау қабілетінің арқа­сында еліміз тәуелсіз мем­лекет болып қалыптасты. Хал­қымыз Елбасының басшылы­ғымен 90-жылдардағы стагнация мен саяси коллапсты жеңді. Елбасының еңбекқорлығы мен батылдығы ең қиын сынақтардан, әлемдік саяси және қаржылық дағдарыстардан өтуге көмектесті. Отыз жыл ішінде Н.Назарбаев әлем картасында жаңа әрі зама­науи мемлекет құрды.
Қазақстан әрқашан тұрақ­тылық пен сенімді дамудың үлгісі болды. Елбасы бейбітшілік пен ұлтаралық келісім стратегиясын құрып, жүзеге асырды. Қазақ­стан­дағы конфессияаралық диа­лог пен толеранттық моделі көп елге үлгі көрсетіп отыр.
Елбасының ядролық қаруға қарсы бастамалары бүкіл әлемдік қауымдастықтың құрметіне бөленді. Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудың ең ірі арсена­лынан бас тартып, ядролық поли­гонды өз еркімен жапқан бірінші саясаткер болды. Қазақстанның Тұңғыш Президентін әлемде ядролық қаруға қарсы қозға­лыстың көшбасшысы деп атайды.
Қиын жылдары Тұңғыш Пре­зидент саясатының арқасында ел экономикасына миллиардтаған доллар инвестициялар құйылып, ондаған мың жаңа жұмыс орын­дары ашылды.
Елбасы мемлекеттің ары ­қа­райғы дамуына жақсы негіз қа­лып­тастырып берді. Ол – 2030 жыл­ға дейінгі стратегияны мер­зімінен бұрын орындап, әлем­нің бәсекеге қабілетті 50 елі­нің қатарына кіруге мүмкіндік берген қазақстандық эконо­ми­калық модельдің авторы.
Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі – Елбасының тағы бір маңызды жетістігі. Тұң­ғыш Президент халықтың өмір сапасын арттыруға, жастарды және көпбалалы отбасыларды қол­дауға, білім беру мен ден­саулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Мың­даған жастың «Болашақ» бағдар­ламасымен шетелде үздік білім алуы – Елбасының заманауи Қа­зақстанды қалыптастыруға қосқан өлшеусіз үлесі.
Жаңа ұрпақ Тұңғыш Прези­дентке бейбітшілік пен келісім, экономикалық өсім мен саяси тұ­рақтылық, қуатты мемлекетте өмір сүру мен дамуға берілген мүм­кіндік үшін алғыс айтары анық.
Елбасының жастарға «Тәуел­сіз Қазақстанды – біздің ортақ Отанымызды сақтаңыздар. Мәң­гілік ел – біздің халқымыз бен ата-бабаларымыздың жері. Біздің бір Отанымыз бен бір жеріміз бар. Халқымыздың бірлігі мен дос­тығын, елдің кез келген азама­тының мәдениеті мен дәстүріне құрметті сақтаңыздар» дегені үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қазақстан үшін маңызды тарихи кезеңде халқымыз бірлік пен жалпыхалықтық көшбас­шының бағытына қолдау танытуы керек. Алдымызда еліміздің да­муы мен азаматтарымыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған көп міндет тұр.
Барлық қазақстандықтарды бір кісідей жұмылып, қоғамдық келісімді сақтауға шақырамыз. Бұл кезеңнен бірге өтіп, сөзі­міз­бен және ісімізбен Елбасының бағытына толықтай қолдау біл­ді­руіміз қажет. Ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының ары қарайғы дамуы мен гүлденуі бәрі­мізге байланысты.

 

Бөлісу: