Жастарды өз өмірін басқаруға үйрету қажет

423
0
Бөлісу:

Біз қарқынды технологиялық өзгерістер дәуірінде өмір сүрудеміз. Бүгінгі күннің өзінде біздің әлемімізді цифрлық технологияларсыз, интернетсіз және гаджеттерсіз көз алдыға елестетудің өзі қиын. Әлем, адамның табиғатын өзгертуі мүмкін технологиялар жасау табалдырығында тұр. Осындай технологиялық ілгерілеулер жағдайларында заманауи технологияларды пайдалана алмайтын адам бәсекеге қабылетті болу мүмкіндігінен айрылады. Сондықтан, цифрлық сауаттылық, грамматика мен математика негіздерін дер кезінде игерген сияқты, білімді адам үшін дәл  сондай қарапайым талапқа айналады.

Техникалық сауаттылық, сонымен бірге, бүкіл адами проблемаларды шешу үшін  құтқарушы құрал бола алмайды. Бүкіл технологиялық инновацияларға қарамастан, өз өмірін ұйымдастырумен және оған толық сәйкестікте болумен байланысты мәселелер, өмірдің  мән-мағынасы туралы сұрақтар адамзат алдында тұра беретін болады. Сондықтан адам, өзін қоршаған әлемді өзінің ой елегінен өткізуге, ондағы өзінің орнын табуға мүмкіндік беретін бағдарларға, теорияларға деген қажеттіліктерді сезініп келді және бұдан былай да қажет ете беретін болады. Әсіресе жасөспірім шақта осындай қажеттіліктер арта түседі. Есеюмен байланысты объективті қиындықтар, қоғамдық процестердің аса қарқындылығынан  күрделене беретін болады. Қарқынды өмір көптеген мүмкіндіктер туғызады және сонымен бірге, жастар үнемі меңгеріп алып кете алмайтын немесе шеше алмайтын қиындықтар, тәуекелдер де туғызады. Қазіргі әлем жаңа, бұрын болмаған мүмкіндіктерге толы, сонымен бірге ол, психологиялық жағынан әлі бекімеген жастар үшін қауіптерге де толы.

Сондықтан, жастарды технологиялық ептілік, икемділікке тәрбиелеумен қатар, біз олардың бойында өз  өмірлерінің сенімді іргетасына айналатын дағдыларды да қалыптастыруымыз қажет. Адамның өмір сүруінің негізі ретінде, өмірлік дағдыларды қалыптастырудың қажеттілігін түсіну, қазіргі әлемнің технологиялық дамуын айқындайтын елдерде барған сайын көбірек маңызға ие болуда. Бұл елдер техникалық білім беруді абсолюттендірудің қауіптілігіне, балалар мен жасөспірімдердің  бойында қажетті өмірлік дағдылардың дамымауымен байланысты туындайтын  келеңсіз салдарларға барған сайын көбірек назар аудара бастады. KIPP инновациялық мектептерінің негізін қалаушылардың бірі Том Бранзелл, балаларды өжет мінезге тәрбиелеудің маңызы, олардың академиялық жетістіктерге жетуінен кем соқпайды деп санайды.

Қазіргі әлемнің технологиялық көшбасшыларының қатарына кіретін оңтүстік-шығыс елдерінің табыстары, осы айтылған сөздердің дұрыстығын дәлелдейді. Техникалық құзыреттер емес, дұрыс мінез, адамгершілік өзегін қалыптастыру және өмір талаптарына сәйкес өмір сүре білу – оңтүстік-шығыс елдерінің білім беру негізіне жатады. Өзінің ісіне аса берілген, адал еңбексүйгіш адамдар тәрбиелеу, менеджмент жөніндегі дүниежүзіне белгілі маман Кеничи Омае пікірінше, Жапонияны дамытудағы, оның технологиялық және экономикалық табысқа жетуіндегі жапондық білім берудің басты негізі болып саналады. Өмірлік қағидаттары берік осы еңбек сүйгіш жапондықтар Жапонияны бүкіл әлемді таңқалдыратын жетістіктерге жеткізеді және өнімдер өндіреді. Оңтүстік-Шығыс Азияның табысқа жеткен өзге елдеріндегі адамды тәрбиелеу жүйесі туралы да біз айта аламыз.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық  мақалалары жас ұрпақты жігерлі, мықты мінезді етіп тәрбиелеуде біздің халқымыздың және бүкіл адамзаттың моральдық құнылықтарының маңызын түсінуге үндейді. Жастарымызды өздерінің технологиялық икемділігін тұрақты дамытуға шақыра отырып, біздің Елбасымыз, адамгершілік түпқазығы  мықты, берік  болғанда ғана, жастар жанжақты тұлға болып, өзі мен елінің игілігі үшін лайықты өмір сүруге қабылетті бола алатындығын атап көрсетеді. Ал оны,  біздің халқымыздың ғасырлап бойға сіңірген өмір даналығынсыз және құндылықтарынсыз бойда қалыптастыру мүмкін емес.  Өз халқының тарихи мұраларына тірек жасамай, жас қазақстандықтар тұлға болып қалыптасып, өмірге сай қабылетті бола алмайды. Жас қазақстандықтардың тұлға болып қалыптасуындағы біздің дәстүрлеріміздің маңызын атап көрсете отырып, Президент сондай-ақ жастарды әлемге ашық болуға, өзге елдердің бүкіл үлгі боларлық жетістіктерін белсенді қабылдауға бағдар береді.

Жастық шақ – бұл өзіңді іздеу ғана емес, сонымен бірге алдыға үлкен асқақ мақсаттар қою. Бұл – тамаша жас жігіттер мен қыздар қызмет баспалдағымен өсуді армандайтын, қоғамда өзінің лайықты орынын алуды армандайтын, үлкен компаниялар мен ұйымдарға басшылық жасауды армандайтын уақыт. Әрине, бұлардың барлығы табиғи арман-тілек. Бірақ, өмірлік тәжірибеге сүйенетін болсақ, барлығы басшы бола алмайды және басшы болуға тиісті де емес. Сондықтан, біз өзіміздің балаларымызды өздерінің таланттарына және қабылеттеріне сәйкес өз орындарын іздеп табуға үйретуіміз тиіс. Бұл орайда бәрі  басқалар үшін басшы бола бермейді, әрқайсы өзіне басшы болуы тиіс. Сондықтан, біз өзіміздің балаларымызды өзіндік менеджмент дағдыларына үйретуіміз тиіс. Осындай өзіндік менеджмент біздің балаларымыздың өмірін өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі болып пайдаланылуы, өздерінің ойларын, тілек-қалаулары мен өз істерін құрылымдауға оларға мүмкіндік беруі қажет.  Ал, бұл үшін олар белгілі бір өмір философиясына сүйенуі тиіс. Өзінің өмірі туралы жақсы ойластырылған ойлау жүйесіне ие болып қана, адам оны дұрыс құра біледі.

Өзіміздің балаларымызды нақты өмірге дайындау үшін, біз оларды техникалық құзыреттерге ғана емес, сонымен бірге өз өмірін дұрыс ой елегінен өткізе білуге және өз өмірін дұрыс құра білуге де үйретуіміз тиіс. Олар тарихи жылдам қарқынмен дамыған және күрделі қазіргі қоғамда өмір сүруге үйренулері қажет. Олар осындай қоғамда дұрыс бағдар ұстауы, өзге адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуі тиіс, өйткені адам қызметі көпшілік жағдайда оның осындай коммуникацияларға қабылетті болуына қатысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, коммуникабельділк ретінде анықтау қабылданған қабылет, жоғары бағаланады. Сонымен бірге адам өзінің ішкі коммуникацияларын құра білуі де өмірлік қажеттілік. Онсыз ол өзі туралы қажетті ақпарат алып, өзінің мінез-құлқын түзете алмайды. Және біздің балаларымызды тәрбиелеуде, олардың бойында әлеуметтік коммуникабельділікті қалыптастырумен қатар, біз оларды өзіндік коммуникация құруға үйрете білуіміз қажет. Яғни, өзін түсінуге және өзін өзгертуге мүмкіндік беретін ішкі диалог жүргізуге үйрету.

Жас қазақстандықтардың өмірлік маңызды құзыретерінің тізбесіне сыни ойлау, өзінің сезімі мен қалауын бақылай алу, өзінің күші мен уақытын дұрыс бөле білу сияқты қабылеттер кіруі тиіс. Осындай қабылеттерсіз, жастар өзінің өмірлік жолын дұрыс қалыптастырып, болашақта өзіне тірек болып, жақындары мен өз отанына пайда әкеле алмайды. Өзінің өмірін және тұтастай алғанда өмірін терең ойластырып ұйымдастырусыз, жастар өз қоғамының алдында тым әлсіз болады, өзінің өмірлік мақсаттарына жетудің шынайы және жалған алдамшы жолдарын қажетті деңгейде ажырата алмайды. Осы айтылған икемділіктердің барлығы білім берудің барлық деңгейлері мен түрлеріндегі оқыту мен тәрбие беру процесіне енгізілуі тиіс. Біз өзімізде – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде, биылғы жылдан бастап өзіндік менеджмент бойынша курс енгіземіз, сондай-ақ әр түрлі студенттік жобалар арқылы, біздің студенттерге қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін прагматизм құндылықтары мен құзыреттерді дамытатын боламыз. Біз, осындай жобаларға белсенді қатысатын студенттердің үлкен ұйымдастырушылығымен және өз ойларының салмақтылығымен, өз өмірін жоспарлай білушіліктерімен ерекшеленетінін көрудеміз.

Біз, олардың болашағы ғана емес, сонымен бірге елдің болашағы жас қазақстандықтардың өмірлік құндылықтарды қалай таңдауына, олардың өмірлерін дұрыс құруына біздің қаншалықты көмектесе алатындығымызға байланысты болатынын естен шығармауымыз тиіс.

Ерқара Аймағамбетов,
Қарағанды экономикалық
университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор

Бөлісу: