Қайрат Қожамжаров Сенат депутаты болып тағайындалды

653
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының бас прокуроры қызметін атқарған болатын. Бұл жұмысқа ол 2017 жылдың желтоқсан айында тағайындалған.

Қайрат Қожамжаров 1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.

Бүгінге дейін ол ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы, Ақмола облысының әкімі, ҚР Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметтерін абыроймен атқарған.

«Aiqyn» ақпарат

Бөлісу: