Министр: Ағылшынша сабақ беруге асықпаймыз, ешкім қуып келе жатқан жоқ

2708
0
Бөлісу:

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектепте төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту мәселесі жайында айтты.

– Бүгінде барлық адамды ойландырып жүрген маңызды бір мәселе ол – xимия, физика, информатика мен биология пәндерін жоғары класта ағылшын тілінде оқыту. Осыған байланысты қазір ағылшынша сабақ беруге асықпай көшу туралы шешім қабылданып отыр. Республика бойынша 150-ден артық мектеп ол бағдарламаға көшкен. Біз қазір бұларды зерделеп, қарап отырмыз. Оқушылар неден қиналып отыр? Ұстаздар қандай қиындық көріп жатыр? Біз оларға қалай көмектесеміз? Соны жан-жақты зерделеп жатырмыз. Сондықтан ұстаз бен мектеп дайын болған кезде, өздеріңізбен келісе отырып, біртіндеп ағылшын тілінде оқытуды енгізе бастаймыз. Асықпаймыз, ешкім қуып келе жатқан жоқ», – деді Күләш Шәмшидинова.

«Айқын» ақпарат

 

Бөлісу: