Бокс жаңалықтары: Головкин, Жәнібек, Батыр

681
0
Бөлісу:

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин туралы өз ойымен бөлісті.

Оның айтуынша, Головкин орта салмақтағы ең үздік боксшы емес.

«Головкин бізбен және ESPN өкілдерімен кездесті. Алайда оның талаптары біздің бағдарламамен мүлде сәйкес келген жоқ. Сол себепті келісімшарт жүзеге аспады. Мен Тайсон Фьюриді аса ауыр салмақтағы ең үздік боксшы деп есептеймін. Оның жасы небәрі отызда ғана. Ал Головкин болса қырыққа таяп қалды және ол қазір ең үздік орта салмақтағы боксшы емес. Оның орнын «Канело» Альварес басты» дейді Боб Арум.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін жарнамалады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

АСХАТ УӘЛИХАНОВТЫҢ КЕЛЕСІ ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ УАҚЫТЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ол келесі жекпе-жегін 12 сәуір күні Лос-Анджелесте Staples Center аренасында өткізеді. Оның қарсыласы – 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі украиналық Василий Ломаченко мен британиялық Энтони Кролл арасында өтпек.

Жақында ғана кәсіпқой рингтегі он бесінші кездесуінде қатарынан жеңіске жеткен қазақстандық Батыр Жүкембаев алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол он раундтық кездесуде мексикалық Хильберто Месаны ұпай санымен ұтқан болатын.

ЛЕННОКС ЛЬЮИС ПЕН МАЙК ТАЙСОН ҚАЙТА ЖҰДЫРЫҚТАСПАҚ (ВИДЕО)

«Қарсыласым өте қарымды боксшы. Бәрі өзіме байланысты болды. Барынша күшімді үнемдеп пайдалануға тырыстым. Бұдан былайғы кездесулерім АҚШ-та өтуі мүмкін. Соған байланысты келіссөздер жүріп жатыр. Мақсатым – Америкада жұдырықтасу. Алайда АҚШ нарығына оңай кіре салу мүмкін емес. Тезірек рейтингтік кездесулер өткізіп, лайықты қарсыластармен жұдырықтасқым келеді» дейді Батыр.

САДРИДДИН АХМЕДОВ АЛМАТЫДА ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕТІН БОЛДЫ

Оның сөзінше, Батыр жақын арада Golden Boy Promotions компаниясымен келісімшартқа отыруы мүмкін.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: