Бердібек Сапарбаев: «Алтын алқалы» аналар жалпы баспана кезегінде тұрмайды

855
0
Бөлісу:

Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналар үшін бөлек баспана кезегін түзу мәселесі туралы айтты.

«Алтын алқа» иегерлері жалпы тізімде тұрмайды. Қазіргі кезде біз көпбалалы аналар үшін бөлек бір кезекті құру мәселесін пысықтап жатырмыз. Бірақ оны бірден жасай алмаймыз ғой. Бәрін жан-жақты қарау қажет. Қанша қаржы керек? Қанша баспана салу керек? Соның бәрін жан-жақты қарастырамыз», – деді Бердібек Сапарбаев. Сондай-ақ жиында министр көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті де айтты.

«Атаулы әлеуметтік көмекке келсек, Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді, бұрын жанұяның әрбір мүшесіне табысты есептегенде (күнкөрістің төменгі мөлшеріред.) 50 пайыздың деңгейінде болса, енді оны 70 пайызға көбейтеді. Егер бұрын 14 849 теңге болса, 1 сәуірден бастап оның көлемі 20 789 теңгеге көтеріледі. Ал енді Астана қаласында басқа өңірлермен салыстырғанда орташа жалақы жоғары. Сондықтан 21 698 теңгеге дейін көтеріледі. Біздің болжамымыз бойынша осы шарамен, кем дегенде, 830 мың адам қамтылады. Ал Астана қаласында, кем дегенде, 6 700-ге жуық», – дейді министр.

Оның айтуынша, көпбалалы отбасының мүшесі жоғары оқу орнында оқыса, 21 мың теңгенің жәрдемақысы 23 жасқа дейін төленеді.

«Осылайша, осы уақытқа дейін жанұяның әрбір мүшесіне 4 834 теңге төленіп келсе, 1 сәуірден бастап отбасының әрбір мүшесіне 20 789 теңге төленетін болады. Ал Астана қаласында – 21 698 теңге. Ал отбасыдағы ер кісіге және әйел кісіге бұрынғыдай 10 500 теңге қосымша төленеді», – деді Бердібек Сапарбаев.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: