Бауыржан Исламхан құрамаға көмектесе алмайтын болды

635
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан алдағы Шотландия мен Ресейге қарсы ойынға шыға алмайтын болды.

«Қайрат» капитанының маусым аралық үзілісте алған жарақаты оның алаңға шығуына мүмкіндік бермейді. Футболшы Суперкубок матчы мен Қазақстан премьер-лигасының екі турына да қатысқан жоқ.

Исламхан ЕУРО-2020 іріктеу ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиынына келген. Алайда Михал Билек пен оның бапкерлік штабы Қазақстанның үздік ойыншысының денсаулығын ойлап, оны алдағы екі ойынға қатысатын ойыншылар тізіміне қоспаған.

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЖАҢА КАПИТАНЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бапкерлік штаб Бауыржанның орнына Голландия чемпионатында ойнайтын «Хераклес» командасының жартылай қорғаушысы Александр Меркелді қоюы мүмкін.

Сондай-ақ бір күн бұрын резервтік құрамдағы «Шахтер» шабуылшысы Оралхан Өміртаев құрамаға шақырту алды.

Еске салсақ, Оралхан ұлттық құраманың соңғы екі ойынында екі гол соққан болатын.

Қазақстан құрамасы 21 наурыз күні Астанада Шотландияны қабылдаса, үш күннен соң Ресеймен ойнайды.

Сондай-ақ бұл екі құрамадан бөлек біздің топта Бельгия, Кипр, Сан-Марино құрамалары бар.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: