Жастар мәселесі талқыланды

479
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру барысында, Жастар жылына орай «Нұр Отан» партиясының «Байқоңыр» аудандық филиалымен, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында журналистика және саясаттану факультеті бірлесе отырып «Жас. Жалын. Жаңғыру» тақырыбында BAIKONYR TALKS өткізді.

 

 Іс-шараға факультеттің 50 студенті қатысты.

 

Жастар жылы бойынша өткен іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Геннадий Шиповских , саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Венера Жексембекова, «Қазақстан азаматтық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі  Арман Нұрғазин,  JasProjeck жобасының жетекшісі Әлия Сәрсекеева қатысып, жастар тақырыбында баяндама жасады.

 

Кездесу барысында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, өз ойларын ортаға салды.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: