Арманыңды «Эйр Астана» мен FlyArystan-ның ұжымында іске асыр

1023
0
Бөлісу:

Өткен жылы құрылатыны хабарланған FlyArystan әуекомпаниясы қызметін бастап, 90 адамды жұмыспен қамтыды. Рейстердің алғашқы легі орындалатын уақытта компанияда 150-ге дейін жұмыскер халыққа қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Эйр Астана» әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Лоукостердің іске қосылған уақытта аймақтарда қосымша жұмыс орындары ашылып, туристік саланың дамуына септігі тиетіні айтылуда.

FlyArystan әуекомпаниясына бортсерік болуға талпынған азаматтарға өткен жылдың желтоқсан айы мен биылғы жылдың қаңтар айында ашық есік күндері ұйымдастырылды. Нәтижесінде 70 үміткер сынақтан өтіп, оынң 31-і бортсерік қызметіне қабылданды. Қазіргі таңда олар Condor халықаралық бортсерік мектебінде оқып жатыр.

Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету агенттері де белсенді түрде жұмысқа қабылданып жатыр. Дәстүрлі әуекомпаниядағыдай емес, бюджеттік әуекомпаниясында олардың жұмысы бірнеше бағдарларды қамтиды: телефон арқылы қызмет көрсету, әуежайда қызмет көрсету, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу және электрондық пошта арқылы сүйемелдеу.

«Эйр Астананың» қауіпсіздік және сенімділіктің жоғары стандарттарына сай болу үшін FlyArystan-ның барлық жаңа қызметкерлері «Эйр Астананың» тренингтік академиясында міндетті түрде дәріс алады.

«Эйр Астана» 2017 жылғы қазан айында бортсеріктерді, механиктерді және ұшқыштарды қабылдау бойынша «Арманыңды іске асыр» кең ауқымды науқанды бастаған болатын. Жыл бойы компания ab initio ұшқыштарды және авиамеханиктерді даярлау бағдарламасы бойынша үміткерлерді қабылдап жатыр. «Эйр Астанада» және FlyArystan компаниясында жұмыс істегілері келетіндер өз түйіндемелерін job,airastana.com сайтында қалдыра алады.

Асқар Бек

        FlyArystan – тұңғыш қазақстандық бюджеттік әуекомпания. Отандық жетекші «Эйр Астана» әуекомпаниясының бөлімшесі. Әуекомпанияны іске қосу 2019 жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарланған. Әуекомпанияның паркі төрт Airbus A320 ұшағынан тұрады. Әуепаркі 2022 жылға дейін 15 әуелайнерге дейін  ұлғаяды.

Бөлісу: