Түркияның халықаралық ғылыми маркасы

461
0
Бөлісу:

Алтынбаш университеті Түркияның жаңа университеті болуына қарамай, халықаралық аренада сапалы білімімен танылып зерттеуші университет болу жолында нық қадамдармен алға басуда. Университет соңғы үш жыл ішінде шетелдік студенттердің ең көп таңдаған үшінші университеті болды.

Білімнің жаһандануымен ЖОО-ы әлем стандарттарына сай болу үшін бәсекелесуде. университеттің білім жолындағы әрбір жаңалығы қоғамға пайдалы болумен қатар адамдардың пайдасына жұмсалуда. Алтынбаш университетінің мақсаты – жаһандық дәрежеде бәсекеге сай білім ордасы болу және осы жолда еңбек ету.

ЕҢ КӨП ТАҢДАЛАТЫН 3 УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІРІ
Алтынбаш университеті Түркияда «халықаралық университет» болу мақсатында жұмыс жасауда. Осы мақсатпен 10 жыл ішінде халықаралық марка болу үшін көптеген жұмыс жасап, шетелдік студенттерге сапалы білім беріп және өздерін үйіндегідей сезіндіретін жағдай жасауда. Соның нәтижесінде, Алтынбаш университетіне тіркелген студенттердің төртте бірін шетелдік студенттер құрап отыр. Сонымен қатар университет соңғы жылдарда шетелдік студенттер тарапынан таңдалған үшінші университет болып саналды.

САПАЛЫ БІЛІМ
Университетте ең соңғы технологиялармен жабдықталған және халықаралық аренада танылған профессор, доценттер жұмыс істейді. университетте студенттер өздерін жан-жақты жетілдіру үшін әртүрлі жағдай жасалған. Алтынбаш университеті – Түркияда жаңадан құрылған жекемекшік университеттердің бірі. Соған қарамастан жоғары сапада білім беруге және халықаралық аренада танылу үшін тырысып бағуда. Алтынбаш университетінде 7 факультет бар. Сабақтар түрік және ағылшын тілдерінде өтеді. Осы бағдарламаларда оқығысы келетін студенттерге әртүрлі дәрежеде стипендия беріледі.

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕгі БІЛІМ

Университеттің көп таңдалу себептерінің бірі – кейбір бағдарламалардың білім тілі ағылшын тілінде болуы. Сонымен қатар әлем стандарттарына сай білім мен стипендия мүмкіндіктерінің көп болуы. Университеттің Медицина факультетінде, Фармацевтика, Бизнес Факультеті, Жаратылыстану факультеті және Әлеуметтік ғылымдар факультеттеріннің білім тілі ағылшын тілі болып саналады. Құқық факультетінде студенттерге 30% ағылшын тілінде сабақ берілумен қатар, Германияның Колн университетімен жасаған келісімшарттары негізінде қос дипломдық құқықтан бакалавр мамандығын неміс және түрік тілінде оқу мүмкіндігі ұсынуда.


Стипендия мүмкіндіктері

Алтынбаш университетінде Денсаулық қызметтері мамандығынан басқасының барлығында 50% стипендия алу мүмкіндігі бар, сонымен қатар шет елден келген студенттерге де дәрежесіне қарай стипендия ұсынылады.

 

Бөлісу: