«7-20-25»: «Нұрлы жердің» неше пәтері сатылады?

777
0
Бөлісу:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша, 2019 жылы әкімдіктер «Нұрлы жердің» 3 355 пәтерін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сату үшін бөледі.

 

«Баспана» ипотекалық ұйымының мәліметінше, «7-20-25» бағдарламасы үшін қолжетімді пәтерлердің ең көбі Шымкентте (1282 пәтер), Ақтөбеде (605 пәтер) және Солтүстік Қазақстан облысында (411 пәтер) беріледі. Еске салайық, осыған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің салымшылары арасында бөлінген еді.

 

Алайда тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды. Егер нарықта тұрғын үйді сатып алу кезінде «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдай алады. Мемлекеттік тұрғын үйді алу үшін анық-қанығын жергілікті әкімдіктерден нақтылауға болады.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: