Сауапты акция

419
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезінде әлеуметтік мәселелерге аса маңыз беру бастамасын көтерді.

Бастаманы жүзеге асыру мақса­тында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін Наурыз Challenge республикалық акциясы бастау алған болатын. Бүгінгі күнге дейін республиканың бар­лық аймақтарында акция ая­сында көптеген кәсіпкерлер тарты­лып, жан-жақты көмек көрсетілуде. Мәселен, жуырда Жамбыл облы­сының Қордай ауданында кәсіпкер азамат үш отбасыға үш пәтер алып берген болатын. Осы мақсатта облыс орталығы іргесіндегі Жамбыл ауданы кәсіпкерлері аудандағы аз қамтылған көпбалалы 30 отбасыға 600 мың теңге қаражатты құрайтын әлеуметтік пакет (ұн – 50 келі, қант – 25 келі, макарон – 5 келі, кү­ріш – 5 келі, күнбағыс майы – 5 литр, шай – 2 қорап, картоп –10 келі, пияз – 10 келі, конфет – 1 келі, печенье –1 келі) ұсынды. Бұл баста­ма барлық ауданда сәтті жүзеге асып, кәсіпкер азаматтар азық-түлік, киім-кешек, қаржылай түрде көмек көрсетіп, коммуналдық тө­лем­дерді төлеп беруде белсен­ділік танытуда.
– Кәсіпкерлерге ұсыныс айтып едік, бірауыздан қолдай кетті. Олар да аудан тұрғындары арасында аз қамтамасыз етілген отбасыларға өз тарапынан тұрақты түрде көмек кө­р­­­сетіп келеді. Елдік шараның ор­­­­та­­­­сынан табылу, кө­мек көрсе­ту – баршаға ортақ іс, – дейді Жамбыл ауданы әкімі, Nur Otan партиясы аудандық филиа­лының төрағасы Бақыт Қазанбасов.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл облысы

Бөлісу: