Шөкеев көпбалалы отбасыларды кәсіпкерлікке тартуды тапсырды

569
0
Бөлісу:

Түркістан қаласында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының съезінде берген тапсырмаларын талдауға арналған мәжіліс өтті. Партияның облыстағы барлық активтері мен белсенділері қатысқан басқосуда өңірдің даму деңгейі, алда атқарылатын жұмыстары жайлы сөз болды. Жиын барысында әсіресе өңірдегі көпбалалы отбасылардың мәселесін шешу жолы ерекше аталды.

Жиынды «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов жүргізді.

«Өздеріңіз білетіндей 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті.

 

Мемлекет басшысы мемлекеттің  ішкі және сыртқы саясатының негізгі векторлары мен бағыттарын, елдің ағымдағы қоғамдық–саяси, әлеуметтік–экономикалық ахуалын, сондай-ақ әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық жағдайды талдай отырып халықтың әл-ауқатын арттыру шараларын айқындап берді», – деген Нұрмахан Миятұлы алғашқы сөзді облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырға берді.

Облыс әкімінің орынбасары Елбасы тапсырмасына орай облыста атқарылар жұмыстарға тоқталды.

– Съезде Елбасы халықтың әл ауқатын көтеруге, өңірлерді дамытуға бағытталған бірнеше тапсырмалар берді. Міндеттер мен бастамалар Түркістан облысын дамытуға серпін береді – деді Е. Садыр.

Ербол Садырдың айтуынша,  жаңа өзгерістер бойынша Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 283 мыңға жетіп,   2018 жылмен салыстырғанда 87,4 мың адамға артады. Былтыр  34 389 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, оның 16,5 мыңы – көпбалалы отбасылар. Елбасы тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта мемлекеттік қолдауға ие болатын тұрғындар саны арта түспек.

Облыста тұрғын үй салу, денсаулық сақтау, білім, аудан-қалаларды инфрақұрылыммен қамту бағытында жұмыстар атқарылған. Былтыр тұрғын үй құрылысы қарқын алып, 3047 отбасы қоныс тойын тойлады. Аудандарда  3 инсульттік орталық ашылып, 62 елді мекенге модульдік медициналық пунктер орнатылған. 120 балабақша ашылып, балалардың 95 пайызы балабақшамен қамтылды. Биыл ол көрсеткіш 100 пайызға жетпек. 80 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, 39-ның құрылысы аяқталған.

Облыста 956,6 шақырым жол мен 7 көпірде жөндеу жұмыстары атқарылып, 521,9 шақырым жол пайдалануға тапсырылған.  Биыл ауыз су саласы бойынша 81 нысанның құрылысы басталған. Табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны 385-ке жетіп, 2017 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артқан.  Сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші ұлғайған. Бұл бағытта жұмыстар қарқын алады.

Жарыссөзге шыққан съезд  делегаты, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы,  жазушы Мархабат Байғұт «Нұр Отан» нақты істер партиясы екендігін айтты.

Елбасымыздың әлеуметтік салаға, өңірлерді дамыту мәселесіне ерекше тоқталғанын айта келе басшылар осы міндетті орындауда халыққа жақын әрі қамқор болса деген тілегін жеткізді. Партияның «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты»атты бағдарламасы елдің еңсесін тіктеп, дамуына ықпал ететінін құжат екенін атап өтті.

Мәжілісте жарыссөзге шыққан көпбалалы ана Түймегүл Ергешқызы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының өсуі елді қуанышқа бөлегенін жеткізді.

Ал кәсіпкер, «Қайып ата» жеке шаруашылық серіктестігінің директоры Сырым Ертаев «Ауыл – ел бесігі» жобасы тұрғындарға үлкен көмек және кәсіпкерлер де осы бағдарламаға үлес қосуы керек екенін айтса,

Мәжілісті қорытындылған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын, «Нұр Отан» партиясының ХҮІІІ съезінің шешімдерін орындау үшін барша жұмыла жұмыс жасауы қажеттігін жеткізді.

«Елбасы съезде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып,  елдің еңсесін көтеру бағытында ел үкіметі мен әкімдерге нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет тарапынан барлық салаға тиісті қаражат бөлініп жатыр. Сондықтан Елбасы жүктеген міндеттерді орындау бағытында жұмысты ширатуымыз қажет. Аудан, қала әкімдері тұрғындармен жиі кездесіп, олардың жағдайын біліп тұру керек. Кабинетте отырып, құрғақ есеп бермей, елмен етене араласып, жағдайын жасаңыздар. Елге қызмет ету, Түркістанды түлету – баршамыздың парызымыз», – осы мәжілістегі тапсырмалар бойынша әкімдер мен басқарма басшыларының жұмысы жүйелі түрде қадағаланатынын жеткізді.

«Көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың жағдайын жақсарту мен өңірлерді дамыту жөніндегі жұмыстарды күшейтуді міндеттеді. Бұл тапсырмалар Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайына тікелей әсер ететіні сөзсіз – деді Ө.Естайұлы.

Ө. Шөкеев сондай-ақ, жергілікті атқарушы биліктегілер көп балалы,  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тізімін жасақтап, оларға көмек көрсету керектігін қадап айтты. Сонымен қатар, адамдар мемлекеттік көмек алу үшін қаптаған құжаттар жинап, әр мекеменің табалдырығын тоздырып, қағазбастылыққа тап болатынын және оны жою үшін жаңа технологияларды қолдану керектігін айтты. Әкім алда атқарылуы тиіс әрбіржұмыстар партияның бақылауында болатынын жеткізді.

«Бақытты отбасы»,  «Ауыл – ел бесігі»,  «Құтты мекен» сынды жобаларды нақты әрі сапалы жұмыстармен атқару қажет.

Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту – атаулы әлеуметтік  көмектер мен жәрдемақылар берумен шешілмейді. Біз әр отбасымен жұмыс жасап, балаларын жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікке баулуыға тиіспіз. Сонда ғана олар аяқтан тұрып кете  алады. Осы бағытта аудан,  ауыл әкімдері жоспар жасап,  нақты ұсыныстар берсін.  Сондай-ақ, тұрғындармен жиі кездесіп жағдайларын білуі қажет. Кабинетте отырып,  құрғақ есеппен шектелмелмей,  елмен етене араласып халықтың  жағдайын жасаған дұрыс қой.  Елге қызмет ету,  Түркістанды түлету баршамыздың парызымыз. Жиындағы тапсырмалар хаттамаға енгізіледі. Әкімдер мен басқарма басшыларының жұмыстары жүйелі түрде қадағаланады.  Осы жауапты міндеттерді жүзеге асыру жолында баршаңызға сәттілік тілеймін – деген Өмірзақ Шөкеев көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту үшін тізімін анықтап  механимін жасау керектігін, құрылыс нысандарына отандық өнімдерді  пайдалануды және жүргізілетін құрылыс жұмыстарына жергілікті жұмысшыларды қамтуды  нақтылап айтты.

Тельман БЕЙСЕНОВ,

Түркістан облысы

Бөлісу: