BB 10 (Вавилон)

5842
0
Бөлісу:

Осы еңбекте мен қазақ зиялы қауымының, қазақ халқының ежелгі тарихы барын және ол тарихтың мыңдаған жылдық болмысы жөніндегі ойларына, жорамалдары мен пайымдауларына қосылып, оған өз пікірім арқылы негіздемелер келтіруді ойлап отырмын және басқа ашық ақпараттағы мағлұматтарды барынша қайталамауға тырыстым.

Қазақ халқының ежелгі тарихы барын және ол тарихтың мыңдаған жылдық болмысы жөніндегі пікірлердің айқын дәлелінің бірі – қазақтардың көшпелі ел ретінде әлемге танылуы. Біздің бабаларымыздың көшпенділігінің кең ауқымдағы мағынасының болуы. Кең ауқымдағы деп отырған себебім, ол – геосаяси, шаруашылықтық әлеуметтік мәні. Осы тұғырларға сүйенген халық қана алдыңғы қатарлы болады.

Ежелгі қазақтарға мыңдаған шақырым жерлерді, елді-мекендер мен хандықтарды (мемлекеттерді) қадағалап отыру үшін әрдайым ат үстінде болулары керек еді. Тек жылдам әрі жеңіл қозғала білгенде ғана қиын-қыстауда бір-біріне көмекке келуге, апатты (су тасқыны, жер сілкінісі, аурулар, соғыс және т.б.) кеселдер кездерінде бір орыннан екінші орынға тез жылжуға, әскери ордалар (шатыр, база, лагерь) құруда жедел хабар беруге мүмкіндік беретін. Бұл келтірілген іс-шаралардың арқасында Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты, Дешті Қыпшақ, Түрік-Монғол, Алтын Орда т.б атаулармен белгілі болған ірі империялар құрылды әрі басқа да ірі одақтардың негізіне ат салысты.

Яғни, ол замандағы көшпенділік деген малдың соңында болу ғана емес, қала, дала және теңізде әмірлік ету деген сөз. Демек, кесек және тас үйлер, ғимараттар тұрғызу, кемелерді құрастыруды да меңгеру, әрі басқа ғылыми өндірістік технологиялармен де айналысу. Осы айтқанның бәріне қазақтардың толық негіздемелері бар және оған тарихи құндылықтар дәлел болады. Біздің өркениетіміздің іздерін ежелгі Шумер, Сақ, Мысыр, Карфаген, Қытай және Үндістаннан байқауға болады. Мысалы, қазақтардың әруақты сыйлауы осы елдердің де салт дәстүрінде болған және Қытай мен Үндістанда ол әлі кезге дейін сақталған. Қазақстан территориясында табылған көмбелер (қорым) мәдениеті Мысыр, Үндістан және Қытайға тараған. Мысырда пирамидалар тұрғызылып, Үндістан мен Қытайда пұттар мен мазарлар салынған. Ал, ежелгі пирамидалар әлемнің түпкір-түпкірінен әлі де табылуда. Сондықтан болар әруаққа тұрғызылған кесенелердің адамдардың үйіне қарағанда берік, сапалы болып, түрлі залалдарға төтеп беріп бүінге дейін сақталды. Ал ежелгі қалалардың басым көпшілігі жермен-жексен болды. Қам-кесектен тұрғызылған үйлер ұзаққа бармаса да, олар экономикалық жағынан тиімді, экологиялық жағынан таза болды.

Сол «көшпенді» немесе «көшпелі» (көш елі) деген атаудың көбіне тек «бір жерден екінші жерге ауысу», «көшу», «көшіп-қону» деген аудармасында берілуі – бұл сөздің толық мағынада қолданылмай, жетімсіреуі. Өйткені «көшпенді» немесе «көшпелі» деген сөз «көш-пеу», яғни, «көш белі», «көшіп-ену», «көшет егу» немесе «көшті байлау», «көшті билеу,» «күшті би», «күш менде», «күн мен шыңның пендесі», «күштің және шыңның патшасы» деген тіркестерден құралған.  Себебі, көшу дегеннің түбірі қи, қию, күю, қос, қосу, құс, құш, (әлемді құшу), күш, іш, іші, ішігі және көк аспан (құз, ұш немесе шың) әрі оның синонимдері «көшкін», «тасқын». Парсы тіліндегі «kuh»  کوه (тау), ағылшын тіліндегі «kosh» (ұр тоқпақ), «hush» (сарқырама, тыныштық, су тепкіні), «harsh» (қатал) және «coach» (ұста, бапкер, күйме), әрі Kosh (Қырымдағы шың), Хинди тілінде kosh कोष – қазына, कोच koch –  ұста, бапкер, орыс тіліндегі куча, кушать, кипеть, кибитка, ибиш тіліндегі kôkkê сөз тіркестері келеді. Бұл сөздер Шумер тілінде Һush – «ашулану»,  «ызалану», «сымбатты болу»; «kuš» – «жойқын», «алапат», «ат бегі», «шабарман» болып айтылады екен. Шумерліктер kuš сөзінің түбірін ki – «орын», «жер,» uš – өлтіру деген екен.

Көшпенді тіркесі ағылшын тіліне – «nomad» деп аударылады, яғни «no» «mad» – «жынды», – «ызақор емес» деп аударылады. Өз кезегінде бұл сөз гректің νομός nomos номос – жайылым деген сөзінен шыққан. Монғолша нүүдэлчин, түрікше – göçebe, Шумер тілінде lúMAR-TU[-KI], ñar-dú: (‘күйме’ + ‘туылу’), mar-uru[TU/GUR]: (‘батыру’ + ‘жоғары, терең’) деп айтылады.

Осы жерде көшпенді деп есептелген африкалық Нумидиядағы (Numidian) бербер тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі 218-201 жылдардағы Карфагенмен (Qrtḥdšt б.д.д. 820-шы жылдары құралған) Пуникалық (пуенді немесе пуені-финикиялық, грекше φοῖνιξ phoînix φοινός phoinós «қып-қызыл» және to φόνος phónos – «өлтіру» деп аударылады) соғысы болғанын айту керек. Өйткені, көшпенді деген тіркестегі «пенді» осы Финикия жерінің қатысы бар. Себебі, осы екі халықтың да құдайлары бір болған. Ол құдайдың есімі Намму – (Nammu) немесе Ұр Намму – Шумердің ең үлкен жаратушысы. Бұған қоса, бұл халықтарда Мысыр құдайлары сияқты құдайлары да болған. Осымен бірге нумидиялықтардың салған қорымдары біздің көмбелерге ұқсас және олар ай мен күнге табынған, әрі олардың Наммудан бұрынғы құдайлары Баал және Астарте, ал олардың жаратушысы El (Ilim) болған, яғни қазақтардың ежелгі наным сеніміндегі Бал-Балға, Надулаша жаратушыға келеді және монғолша Нүүдэлчин (көшпенді) деген терминіне жақын. Баал, кейде Бел алдың ұлы Илимді – Ишим немесе Иохим деп те атаған. Бұл сөздер библияда да көрініс тауыпты. Мысалы: kôkkêbê ’ēl ‘Құдайдың жұлдыздары’, kêharrê-’ēl ‘Құдайдың таулары’, ’elōhîm («құдай») ’ēl кеңесінде тұрады, arzê-’ēl’ құдайдың арыстары’ (псалым: 80-82). Қазақтың көке сөзі псалымда (Библия) кездесетінін көріп отырмыз.

Нумидиялықтардың қаласының бірі Girus Tarasii, оның патшасы – Хұнерік, ол Вандал тайпасынан болған. Оның үлкен ұлы – Хансерік. Вандалдар германдық тайпа болып та есептеледі.

Қазақтардағы қараша үй / киіз үй – әлемнің құрамдас бөлігі, сол әлемнің үйі. Ал біздің әлем, өз кезегінде дүниенің (ғарыштың) басқа 99-сы болып саналған және сол әлемдердің әр-қайсысы жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктерден тұрады деп есептеген, және сол дүние жаратылмас бұрын телегей теңіз болғанына сенген. Сонда, қараша үй деп отырғанымыз Құдайдың тауларының үйі, киіз үй – көктің үйі.

Бағзы замандағы аталарымыздың дүниенің жаратылысы жөніндегі осындай пайымдаулары сол кездерде алдыңғы қатарлы наным болатын. Әрине ол шумерліктерге де берілді. Әлемнің алғашқы кезде телегей теңізден тұрғаны жөніндегі сенім шумерліктерде де болды. Олар ол телегей теңізді күмбез қаптап тұратынына да сенген. Сонымен бірге, олардың өз жаратушылары болған. Сол жаратушылардың ішінде көк құдайы Ану, жердің құдайы Қи және таза судың құдайы Ұр-Намму бар болатын. Шумерліктер оларға арнап zigurat (зират) салған.

Бұл өркениет бідің дәуірімізге дейінгі V-III мың жылдықтарда өмір сүрген. Шумерлерді көптеген елдер өз арғы тегі деп есептейді.

Шумер (Šumer) сөзі ашық деректерде Šumerû деген терминнен, ал  Šumerû терминін Ki-en-gi(-r),  (Киэнги(р)), Ki-en-gi және Ki-eme-gir сөздеріне негіздейді. Мұнда Ki-eme-gir деген Ki – «орын», «жер», ал eme-gir – «шумер тілі» мағынаны беріп, «шумер тілінің тұрағы» болып аударылатыны келтірілген.

Келесі бір нұсқа ретінде ki – «жер, орын», ал Eĝi – «бек» яғни «Шумер патшасы» кейін Eĝi – «нің» орнына šar – «патша» деген мансапқа өзгергенін білдіреді. Ki-en-gi(-r) сөзін шумер сөздігі мынадай құрамдас бөліктерге бөледі:  ‘орын’ + ‘тақсырлар’ + ‘абыз; жергілікті’. Сонымен бірге Šinʿār және Šanhar(a). Келесі бір деректерде ki – «аспан құдайшасы»,  en – «тақсыр» немесе «әулие», ĝir – «жер» деп те тәржімалауды да ұсынғандар бар.

Біраз зерттеушілердің еңбектерінде шумерлерді түркілердің ата-бабасы екенін әрі сақтардың өзі де болуы мүмкін деген пікірлері кездеседі. Әрі шумерлік сөздіктен біраз түркі сөздері де табылған.

Сонымен бірге, Шумер (Šumer) немесе Šumerû терминін су, жер; сулы, батпақты, нулы, жер (Суб-ер) және шилі жер (Шиелі) деген қазақша сөздерден тұратын мағынасын ұсынған деректер де бар.

Бұған, өз тарапымнан, «Аспан ордасы» деген аудару жөн деп ойлаймын. Өйткені  Šumerû термині негізгі үш бөлшектен Šu + mer +  û дан тұрады. Бұндағы Šu – бақылаушы күш, mer – дауыл, ыза, û (ud) – күн; уақыт (шақ).

Šumer деген сөздің қазақ тіліне ұқсас болып отырғаны да анық. Мысалы: семсер, шымыр, шың мырза, кемеңгер, жұмыр жер, сумырын, шың (көк) мұрын, сусамыр.

Басқа тілдерге де ұқсастығын табуға болады: Африка: somer (жаз); Ағылшын: summer (жаз), shimmer (шағылу, жылтырау), simmer (маздап қайнау), glimmer (от, жарық), super (мықты); Англо – саксон: somer (жаз); Хинди (үнді): सम्राट samraat – император; Жапон: さむらい  – самурай; Шумер: sumur, šúr, súr: n., ашулану, шамдану (Аккади – šamru, ‘ыза, қатулану, тағы’). Осы жерде бір айтып өтетін нәрсе, ол Корей еліндегі самурайларды Хангеуілси (한글시 hangeulsi) деп атаулары жақындығын да айту керек.

Ал, ағылшынша патшаны King, патшайымды Quin деп атаулары, парсының тарихындағы Кир (грек тілінде «кир» сөзі «тақсыр» деген мағынаны беріп, Κύριος (кириос),  Κύριε (кирис) деп жазылады) патшасының есімдері, Ирланд тілінде Ghrian (гһриен) «күн», Мысыр тіліндегі Khepri ḫprj (кһепри) («күн құдайы» дегенді білдіреді) Ki-en-gi(-r) сөзіне туыстас сөздер болып тұр.

Сонымен бірге Шумер немесе Акадиан (/əˈkeɪdiən/ akkadû, ak-ka-du-u; URIKI, a-ga-deKI) сөздігінде шумерліктердің тағы бір атауы “sag-gig», «саг-ги́г», «ṣalmat-qaqqadim» «қара бастылар» деп беріліпті. Яғни бұлар сақтар әрі «сақ» сөзі  Ak Sakh деген қалаласында да бар. Шумер сөздігінде Сақ сөзінің sagh (сағ), sag (саг), sagha (саға), sigh (сай), sakan (сакан) деген түрлері бар және олар бірінші, алдыңғы, сындыру, жасау, шамдану, егу, көбейту, жалшы, өлтіру, қалау, қалаулы болу деген мағынаны да береді екен.

Шумердің Вавилон (Babylon Βαβυλώνα) bav-il немесе bav-ilim (құдайлар дарбазасы), Ур (Ur), болған Akkadian (Ур адамы) деп атаған. Осы Ak Sakh деген тіркестегі ak – үлкен деген мағынаны береді және ол aka немесе ka деген түрінде де келеді. Осыған байланысты «Ak «– ты «Ka» – ға ауыстырсақ, онда Kasakh деген сөз тіркесі шығады. Шумер тілінде күн – “kúm” деп те аталады. Осы Kum мен An бірігіп, Kuman (Құбан)-ды береді. Шумер тілінде kúm – ның khub, khúb және khut деген түрлері бар. Сонда  KumAn, KutAn, KupAn  және KushAn (Құман, Құпан, Құтан, Қушан) болып та оқылады. Сонда Khub + sakh = Қыпшақ болады. Олардың Sargon (Šarru-ukīn or Šarru-kēn б.д.д. 2270–2215 жылдар ), Еменгел Ана, Ата-Баба т.б. патшалары болған.

Осымен бірге, Шумер тіліндегі Isi (иши) – тау, ал As (ас) – нақты, сол, Guzza – тақ деген. Бұл жерде Геродоттың айтқан Asguzza (тау тағының нағыз иесімін) – Isguzza (таудың тағының иесімін) деген тайпаларының аты Алшын және Үйсін болып шығады.  Қазақша мен асушы, істеуші, жасаушы, қайнатушы деген сөздердің түбірі болып, «Мен – Тау тағының иесімін» деген мағынада келіп тұр. Бұл тіркестегі Is (іс) қазақша істік, яғни шың, kuza – құшу және і – ие екені де аңғарылып тұр. Себебі  «іс», біздегі шыңның да түбір сөзі. Ол сөз іші, ішігі, ұшы болып та түрленетіні жоғарыда да берілді. Түптеп келгенде, шумердегі «і» дыбысы қазақта да бар және «келісу» немесе «келіспеу», «ойлану» және «әртүрлі» сезімдерімізді білдіргенде пайдаланылып, түрлі дыбысталады және иілу, иелені дегендегі «и». Бұдан шығатыны, менің Геродот заманындағы Iskuzai немесе Askuzai деген атауларды Is- Есі, Kuz – Құз (Тау), Ai-Ай және As-Алушы, Kuz-Құз, Ai-Ай түрінде тәржімалағаным, әрі осы жерде Алшын деген сөз шығып тұр деп шамалағаным жоғарыдағы тіркестерді шумерлік сөздікпен аударғаныммен шамалас келіп тұр.

Осыған дейінгі жазбаларымда мен Сақ деген сөз грекше және латынша Σκύθης (сКычых), Skythikē (сКытчике) деп жазылатыны жөнінде айтқан едім және оны «(и)Есі Құт, Ай, Көл» және «Құт пен Аспанның Тәңірі» немесе «Қытай әміршісі» деп аударған болатынмын. Әрі  Skythikē сөзі дауысталғанда сКайзайк деп айтылатынын нұсқаған болатынмын. Ирланд тілінде де Skythikē сөзі Хыйзайк деп оқылады. Себебі Skythikē сөзі S-«Иесі», «Kyt-Құт», және «KÉ» – «Көл/Көк» сипатында көрініп тұр. Ал, осы тіркестегі Kyt-Құт сөзін Ki – Жер есімдерімен ауыстырсақ, ол тіркестің ешбір мәні өзгермейді.

Шумер тілінде де үйді – «судың үйі» немесе «үй» деп атайды да É әріпмен білгілейді. Ал айды Sin немесе Sim дейді. Сонда «ай мен судың үйі» болады және қытайдың Shuǐ – су деген сөзіне келеді. Осымен бірге Израйль халқының өздерін «симит», ал Қытай халқының бір атауы «синалық» (Qin, China) деп атайтынын да ескеру керек. Осылайша Ki- gi(-r)- en және Ki-eme-gir тіркестерін талдауға болады.

Егер Ki-en-gi(-r) сөзіндегі  «ki» – ді «қы», «en» – «ан» және «gi(-r)» – «лы» деп оқысақ – Қаңлы болады. Өйткені «ki», «en» –  бірігіп «хан (қаң)», «gir» – «лы» («лун» шумерше адам) жұрнағына айналады.

Сонымен бірге Ki-en-gi(-r) тіркесіндегі gi(-r)-ді ортаға қойсақ, Ki- gi(-r)- en болады да қазақша Кигирей –ге келеді, тіпті Қоңыратқа да келеді. Себебі, ki – «жер», «қон +жер=қоңыр»,  en – «ата» (үлкен, сыйлы, басшы) мағынасына айналып тұр.

Оған қоса Ki-en-gi(-r) сөзі қазақтың Қиы, Шыңы, Жері, Киең жері, Кие енген жері деген сөзіне келеді. Күй үйрен (жирен), қыран десек болады. Қыран – Жердің жаны.

Келесі көңіл бөлетін жайт «gir» сөзінің жарқылдау деген мағына беруі. Ал, «ki» сөзінің – «құдай» болып аударылатыны айтылды. Бұл буындарға «en» сөзінің «жоғары» деген мағынаны беретінін ескерсек, онда «Жарқылдаудың жоғарғы тақсыры» (найзағай әміршісі) болып та аударылады.

Енді Ki-eme-gir тіркесіне келсек, ол қазақтың кемегер (теңізші), кемеңгер сөздеріне де жақын.  Ki-eme-gir  грекше – Ημέρα iméra – әмірші деген сөзіне келеді. Ал, осы тіркестегі «eme» – тіл (бізде «еміле») болып тәржімаланатыны жоғарыда келтірілген болатын. Бұндағы  gir – «аспан жарығы» деген мағынаны да беретінін алға тартсақ, онда Ki- тақсыр, eme- «тіл», gir – «жарық» болып, «Жарық шуағы әміршісіне» айналады. Бұл жерде Σκύθες Τιγραάουδα  – «Тихрахауда сақтары» деген атаудың жақын келетінін айтқым келеді. Өйткені, менің тұжырымдауым бойынша, «тиграхауданы» грек тілінен аударғанда «Аспанның арыстандары болады».

Жоғары айтылғандарға қоса, ki сөзін қи десек те жаңылмаймыз. Өйткені ол қазақтың қию деген мағынасын беріп, қия (ғарыш), күй (күю), қоң (көң, тезек), кез, киіз, кию, қиқым, құю деген сөздерін жасайды. Ki- gi(-r)- en тіркесіндегі келесі буын gi – жи. Бұдан ию, жию, иіру, илеу сөздері құралады. Келесі буын r – р (ір) – іру, іркілу, ыр, жыр. Ал en – ен, ені, ені, иін. Сонда – Қи-жи-ын болады.

Бұл сөзді (сөздерді) ежелгі мысырлықтар да дәл осы мағынада пайдаланған. Тек бір ерекшеліктері олар аспан денелерін де қи (құмалақ), дән, шопақ, шапақ деп атаған. Сондықтан күнді (Ra (/rɑː/ rꜥ немесе rˤ rˤw және Re /reɪ/), яғни ра немесе рей – ді сол аспан денелерінің бірі деп таныған әрі оның құдайы Khepri ḫprj және бұл сөз Qrtḥdšt пен Ki- gi(-r) де жақын. Қазақтың да тілінде рай, рей, арай сөздері бар және ол таңғы күнді немесе сәулені білдіреді. Khep ḫprj сөзі ежелгі мысырлықтарда құру, жасау дегенді білдірген. Қазақша қылып-шағу (қып) болып аударылады, сонда Қыпшақ сөзі шығады. Тіпті қи пірі деген тіркесті де оқуға болады. Ал егер, қи-ға рей-ді қоссақ Кирей сөзі шығады әрі Қият-қа да келеді, өйткені қия және жарату. Ата – бабаларымызді кейде әртүрлі жануарларға теңелетіні аңыздардағы құдайлардың жандары жерге аң түрінде келеді деп түсінуінде. Оның бір мысалы  – Жайық. Жайық ол жайын балық және Тәңірінің жердегі жаны болып есептелген.

Енді шумерлік-аккадийліктердің сөздігіндегі кейбір сөздер мен сөз тіркестерін, олардың қазақ тіліне жақындығын қарастырайық:

 

a, aka, ka – үлкен, жасау, ка жұрнағы;

é – үй, су қоймасы, ас үй, тәу ету үйі, жер тілімі, арық;

i – айқай («ай», «и»), шыңғыру («ойбай»), иелену, басып алу;

ù – ұйқы, ұйықтау («уһ»)

ud, u –  күн; шуақ; күндіз; уақыт; күн райы; дауыл (дию) – ud, u қазақ тіліндегі «уыт», «у» «уыту», «от», «ұю»,  деген сөздеріне сәйкес келеді;

ul – масаттану, гүл, жылтырау – ul – ұл туды деп мәз болуға келеді, улап-шулау

ùl4 – үлгіру, асығу, зулау

ur234 – ұру, өшіру, қанын бұрқ еткізу, орау, қоршау, ұру;

úr – туырлық;

ùr – тұғыр; ая (жүр);

ur – бауыр, жүрек, қарыз, күң (ұра);

ús, úz [UŠ] – ұш, ұзындық, қыры, шеті;

eš – есе, көп;

di – деу, даттау, соттау, шешім шығару, тиым салу;

gù – гу, шу, дауыс, дыбыс;

gu7, kú – жеу, жұту, қуыс;

ìa, ì –  тоң май, іш май, ая (бет май);

lí – таза өлшем; елек май;

lu –  ұлы, толы, адамдар (қолдар); төл.

ne(-e), ne.en –  міне, әне;

nu11[ŠIR] – жарық, шырақ, алибастер (сылақ);

ru – сыйлық, сарқыт, үрлеу, беру; жіберу;

bad4 – қамал (батпан), ауырлық (бату), қиындық (бытшыт болу); батпақ;

dida –  сыра; сыра құрамы (бидайық);

gùd – ұя (құты);

ḫúd – азан (құт, таңғытұрым);

kud, kur5, ku5 – құрту, қырқу, қыру;

tud, tu, dú – туу, тудыру, туылу, жасау, жаңадан туылу, трансформациялану, өзгеру (қайта түлеу);

dág – бриллиант; мөлдір; таза (дақсыз);

sig5, sag1 – жұмсақ, дәмді, жақсы, сапалы

sig7, se12(-g), sa7(-g) – өмір беру, жарату, жасау, өмір сүру; тіршілі ету; бітіру; сый жасау; егу;

šag4, šà – ішек-қарын; қарта; жүрек; іш; асқазан; қабажа; құрам; құрсақ; туша; интерьер (қас бет), іш-ара,

іш жақ; саға; жасаймын, сағын сындыру; жайы; мағынасы, қадірі;

ḫuñ, ḫun(-ñ): жұмысқа алу (құнын төлеу) не жалдау (құл, күң); жұмыспен таныстыру; тыныс алу;

kíğ, kin – хабар (айқын), тапсырыс, тапсырма, жұмыс;

naña: сода (ұнтақ), қышқыл, сілті; сілті фабрикасы; сабын;

tuku, tuk, dúk, tug, du12 , tu12 – несие беруші, тұрмыс құру, алу, сатып алу;

šagan, šakan – шаңқан (май сақтайтын ұлкен құмыра);

danna, dana – жолдың ұзындығының өлшемі: 1 danna = 10,8 шақырым;

ba-ta-tur; ba-ra-tur – бұл қысқа (ерте/кеш);

men-saḫ – мен басшы, тәжі, бас тәжі;

sa12-sug5; sa12-su5 – жер тіркейтін менеджер (меңгеруші);

šár, sár –  түгел, бәрі; дүние жүзі; көк жиек; шар, есептегіш, token, таңба;

lúšár: сардар = 3600 қолдың әміршісі;

kuniñx, kúnin –  малта асфальт (шым), битум;

kurun(2,3) – тәтті қызыл шарап; шарап жүзімі, жүзім кластері (шоғыры).

 

Қорыта айтқанда, Шумер әліпбиі басқа тілдерге негізделіп және шетелдік ғалымдардың, оның ішінде неміс, парсы, түрік ғалымдарының аударғандығын ескеру керек. Сонда біз бұл әріптердің қазақтың арғы тегінің әріптері екенін аңғарамыз. Жоғарыда байқалғандай, Šumerû сөзіндегі Š әріпі s, h, k әріптерінен тұрады және олар кейде бөлек-бөлек дыбысталады, ал u әріпі и, ұ болып та дыбысталады т.с.с. Сондықтан Šumerû – Кимеру болып та оқылады. Сөйтіп, Šumerû сөзін «Қум руы» («Күн жарығы руы»), ал Kum – ның Қып болып оқылатынын де ескерсек, Қыпты құрушы (ерітуші, соғушы, шағушы, жасаушы), яғни Ақ Қашаушы, Сақтардың Әкесі, Қазақ болады. Ал, Аккадий деген сөз Ак-ка-тоо деген сөзден құрастырылғаны, ол Үлкен туушы, жаратушы немесе Турлардың үлкені. Сахара (сақ қара)  – Мысыр (Ⲭⲏⲙⲓ Khēmi) даласы тек құм деген емес, kêharrê-’ēl ‘Құдайдың таулары’, Қара сақтар елі. Ki-en-gi(-r)=қыр-шың-жер, күй-ән-жер  (Киэнги(р)). Ki-eme-gir=қия-емле-ел. Біз оның қырандарымыз. Біз қазақ халқы – азулы ашулы қатал тағы дегенді бір жағы қыс мезгілі сияқты қатал әрі әділ бола білетін, әрі су тасқыны сияқты дүлей бола білетін, әрі жаз сияқты жайдары бола білетін халықпыз.

Қазақстан біздің киелі мекеніміз, әлди еліміз, Ақ Отауымыз. Біз Аналарымызды – Айға, Әкелерімізді көкке теңеген Мәңгілік Елміз!

Әділбек Ишанбекұлы

Бөлісу: