Жеңілістен соң «Қайрат» бас бапкері қалай ақталды?

169
0
Бөлісу:

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Суперкубоктағы жеңілістен соң пікір білдірді.

«Жігіттер барынша тырысты, бірақ сәттілік бізге жолдас болмады. Бірақ біз әрі қарай жұмыс істейміз. Команданың жартысы жарақат алған. Олар тіпті өтініш парағына да енгізілмеді. Кімдер дайын болды, соларды шығардық. Екі ай ішінде «Барселона» ойыншысын дайындап шығара алмаймыз. Алаңда ойнаған жігіттерден тек Швыревке ғана ризамын. Қалғандары өз деңгейінде ойнай алмады» депті Шпилевский.

Еске салсақ, бүгін Алматының Орталық стадионында өткен Суперкубок кездесуінде «Астана» алаң иелерін 2:0 есебімен жеңіп кетті. Кездесуде Джуниор Кабананга дубль жасап көзге түсті.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: