«Астана» Суперкубок үшін тартыста «Қайратты» жеңіп кетті (видео)

39
0
Бөлісу:

Алматының Орталық стадионында футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін болған мачта елордалық «Астана» алаң иелері «Қайраттан» 2:0 есебімен басым түсті.

Қарқынды басталған кездесудің 7 минутында «Астана» шабуылшысы Джуниор Кабананга есеп ашқан. Бұдан кейін де қос командада бірнеше мүмкіндіктер болды. Алайда бірде қақпадан қиыс кетсе, бірде қақпашылар шеберлік танытып жатты. Ойынның 66 минутында Кабананга екінші голын соғып, «Астананы» біржола алға шығарды.

Матчтың уақытының аяқталуына бес минут қалғанда «Қайрат» шабуылшысы Эсеола алаңнан қуылып, алматылық клуб он ойыншымен өнер көрсетуге мәжбүр болды.

Осылайша, «Астана» Қазақстан Суперкубогын төртінші рет жеңіп алып (2011, 2015, 2018, 2019), рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Алматылықтар болса бұл кубокты екі рет жеңіп алған (2016, 2017).

Жалпы, соңғы бес матч қатарынан «Қайрат» басты қарсыласы «Астананы» жеңе алатын емес. Алдымен былтыр 4 наурызда Суперкубок кездесуінде «Астана» 3:0 есебімен жеңді. Сосын 14 сәуірде «Қайрат» қонақта тең ойнады (1:1). ҚПЛ аясындағы 24 маусымда өткен кездесуде алматылық клуб өз үйінде 1:2 есебімен жеңілсе, одан соң 3 қарашада сырт алаңда 2:3 есебімен жеңілді. Ал бүгінгі кездесу – бесінші сәтсіз текетірес ретінде тіркелді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Эмоции после матча

Публикация от FC Astana (@fca.astana)

Қазақстан премьер-лигасының ойындары келесі аптада басталады.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: