50 жастан асқандарға «Болашақ» гранты берілмейді

843
0
Бөлісу:

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Бұдан былай «Болашақ» шәкіртақысына іріктеу ережесі өзгереді. Байқауға Қазақстан Республикасының 50 жастан аспаған (құжатты өткізу кезінде), арнайы жоғары білімі немесе бакалавр дәрежесі бар және құжаттарды қолданыстағы ереженің талаптары мен шарттарына сай өткізген азаматы ғана қатыса алады.

Қазіргі талап бойынша Қазақстан Республикасының арнайы жоғары білімі немесе бакалавр дәрежесі бар және құжаттарды қолданыстағы ереженің талаптары мен шарттарына сай өткізген кез келген жастағы азамат қатысады.

«Айқын» ақпарат  

Бөлісу: