«Канело» мен Джейкобс тұңғыш рет баспасөз жиынын өткізіп, көз түйістірді (видео)

1066
0
Бөлісу:

Орта салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен осы дивизиондағы IBF титулының иегері америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жек алдындағы баспасөз турын бастап кетті.

Алғашқы баспасөз жиыны Нью-Йоркте өтіп, қарсыластар бір-бірімен көз түйістірді.

Тур аясында боксшылар үш бірдей қалаға барады: 1 наурыз күні Мехикода, одан кейін Лос-Анджелесте жанкүйерлерімен жүздеспек.

Альварес-Джейкобс кездесуі 4 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді.

Кездесуге «Канелоға» тиесілі WBC, WBA (Super) және Джейкобсқа тиесілі IBF титулдары тігіліп отыр.

Бұған дейін Альварес те, Джейкобс те Головкинмен жұдырықтасқан болатын. 2017 жылдың қаңтар айында Головкин мен Альварес дәл осы T-Mobile аренада кездесіп, тең түскен болатын. Олардың екінші жекпе-жегі де дәл осы аренада ұйымдастырылды және мексикалық боксшының жеңісімен аяқталды. Тиісінше «Канело» GGG-ге тиесілі барлық титулдарды тартып алды. Бұл – Головкиннің карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды.

Ал 2017 жылдың наурыз айында Головкин Madison Square Garden аренасында Джейкобспен кездесіп, WBC, WBA (Super), IBF және IBO белдіктерін сәтті қорғап қалған болатын.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: