Еркебұлан Сейдахметтің жаңа клубы белгілі болды

1194
0
Бөлісу:

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет өзінің кәсіби мансабын болгариялық «Левски» клубы сапында жалғастырады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Уфа» Еркебұланды осы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалға берген. Шабуылшы қазір София қаласында екінші рет қайтара медициналық тексеруден өтіп жатыр. Болгарияда трансферлік терезе 28 ақпанда жабылатындықтан «Левски» жаңа шабуылшының трансферін барынша жылдам рәсімдеуге тырысып жатқан көрінеді.

Бұған дейін футболшы Инстаграм желісінде сурет жариялап, «Уфамен» қоштасқанын жариялаған еді. Бұған дейін ойыншының алматылық «Қайрат» сапына ауысатыны туралы ақпарат тараған.

ЕРКЕБҰЛАН ӘЙГІЛІ ЕУРОПАЛЫҚ КЛУБПЕН КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙМАҚ

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: