Серік Сәпиев: Полторанинді жарыстан шығарып тастағысы келген болар…

669
0
Бөлісу:

Австриядағы әлем чемпионатында ұсталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин алтын жүлдеге үміткер болған. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлімдеме жасады.

Комитет басшысы допинг қолданды деген күдікпен ұсталған қазақстандық спортшының қазір тергеу оқшаулағышында отырғанын жеткізді.

– Мемлекеттік орган басшысы ретінде мұндай жағдайларды азайту үшін өзіміздің Ұлттық олимпиадалық комитет атынан талап арыз жазу керек шығар. Жарыс алдында спортшыны мазаламай, жәй ғана сынама алып кеткендері дұрыс. Мүмкін, аяқтан шалғысы келгендер де бар шығар. Себебі, Алексей Полторанин алтын жүлдеге үміткер болған. Оны жарыстан шығарып тастағысы келген шығар, – деді Серік Сәпиев.

«Айқын» ақпарат  

Бөлісу: