Мамыр айынан бастап үй таратады

1043
0
Бөлісу:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр көпбалалы отбасыларға жалдамады баспана таратудың мерзімін айтты.

Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша 340 мың көпбалалы отбасы бар. Соның ішінде 28 мың отбасы тұрғын үй кезегінде тұр.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз жеті жылдың ішінде жыл сайын 6 мың жалдамалы пәтерді салып отырамыз. Сөйтіп, 2025 жылға дейін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер тұрғызылады. Сол кезде кезекте тұрған көпбалалы отбасылардың баспана мәселесі толығымен шешіледі. Биыл мамыр айында біз көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтерді беруді бастаймыз», – деді Роман Скляр.

 «Айқын» ақпарат  

Бөлісу: