Еркебұлан әйгілі еуропалық клубпен келісімшартқа қол қоймақ

1071
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жақын уақытта болгариялық «Левски» клубының ойыншысы атанбақ. Бұл туралы расталмаған ақпарат көздері хабар таратып отыр.

Дерек көзінің мәлімдеуінше, Еркебұлан бүгін медициналық тексерістен өтіп жатыр. Егер бәрі сәтті аяқталатын болса онда оның «Уфа» сапынан «Левскиге» ауысқаны ресми хабарланбақ. Әзірге оның трансфері туралы толық ақпарат белгісіз.

«Левски» – Еуропадағы белгілі клубтардың санатына жатады. Клуб өз елінің чемпионатын 26 мәрте жеңіп алған. Бұл клубты 2003-2008 жылдары Қазақстан құрамасының экс-бапкері Станимир Стойлов жаттықтырған. Еркебұлан Станимирмен ұлттық құрамадағы бірлескен әріптестік арқылы жақсы таныс. Стойловтың кезінде жас шабуылшы дебюттік ойынына қатысып, құрама сапындағы алғашқы голын да соққан болатын.

Бұған дейін шабуылшының алматылық «Қайрат» сапына ауысатыны жайлы ақпарат тараған. Тіпті мұны футболшының өзі де жоққа шығармаған болатын.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: