Араб елдерімен алыс-беріс тым аз

570
0
Бөлісу:

Қазақстан араб елдерімен арадағы ынтымақтастық жоспарын талқылады. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Ирак, Катар, Кувейт, Ливан, Ливия, Марокко, Оман, Палестина және Сауд Арабиясының Қазақ­стан­дағы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыла­рымен кездесті.

Еліміздің сыртқы саясат ведом­ствосының басшысы атап өткен­дей, Президент Нұрсұлтан Назар­баев араб әлемімен жан-жақты және өзара тиімді ынты­мақ­­тас­тықты нығайтуға айрықша маңыз береді. Ол елшілерді шетелдік инвестицияларды тарту және әлемдік нарықта қазақ­стандық экспортты ілгерілету саласын­дағы Сыртқы істер ми­нистрлігінің жаңа өкілет­тік­терімен та­ныс­тырды. Б.Атам­құ­лов сауда-эко­номика­лық бай­ланыстарды дамытуға, ­сондай-ақ энергетика, логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да са­лаларда бірлескен инвес­тиция­лық жобаларды жүзеге асыруға Қа­зақ­станның мүдделі екенін баса айтты.
Кездесуде осы уақытқа дейін араб елдерінің көпшілігімен ара­мыздағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың зор әлеуеті сол бұ­рын­ғыдай толығымен пайдаланылмай отырғаны да атап өтілді.
Министр мәселен, 2018 жылы Қазақстанның барлық 22 араб елімен тауар айналымының жи­ын­тық көлемі 1 млрд доллар­дан да аспағанына, ал бүгінге дейін тар­тылған инвестиция­лардың жалпы көлемі небары 2,4 млрд доллар болғанына назар аудартты. Соны­мен бірге, қазіргі уақытта жалпы сомасы 9 мил­лиард дол­ларды құ­райтын бір­лескен жо­балар пы­стық­талып жатқаны хабарланды.
Әңгіме барысында өзара сауда-экономикалық ынты­мақ­тастықты жандандыру мақса­тында тасымал, көлік және ло­гистика саласындағы пробле­ма­ларды шешуге, визалық режимді жеңілдету арқылы туристік әле­уетті дамыту қажет­тігіне ерекше мән берілді. Осыған байланысты қазақ­стан­дық СІМ басшысы араб әріп­тестерін екіжақты ынтымақ­тас­тықтың барлық бағыттары бо­йынша белсенді ықпалдастыққа шақырды.
Бұдан бөлек, Бейбіт Атам­құлов биылғы 1-2 наурызда Абу-Даби қаласында өтетін Ислам ынты­мақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Сырт­қы істер министрлері Ке­ңесінің 46-отырысының жұмы­сына қа­тысатынын растады. Ол саммиттің күн тәртібі біздің ел­деріміз үшін көкейкесті мәсе­лелердің кең ауқы­мын қамти­тынын тілге тиек етті. Еліміздің Сыртқы істер министрі алдағы іс-шара аясында ИЫҰ-ға мүше елдердегі әріптестерімен, соның ішінде араб министрлерімен кездесетінін жеткізді.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу: