2-3 пайыздық несие қашан беріледі?

2155
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баспана алуға 2-3 пайыздық несиелер жүйесін енгізуді тапсырды.

Аталған несиелер табысы төмен көпбалалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүгедек балаларды асырап отырған азаматтарға беріледі.

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, алдымен республикалық бюджеттен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 50 миллиард теңге бөлінеді. Банк ол қаражатты басқа ресурстармен бірге жеңілдетілген несиелерді беруге жұмсайды.

«Сәуір айында біз қаржыландыруды бастаймыз. Одан кейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиенің жаңа түрін тездетіп әзірлеп, халыққа ұсынуы қажет. Бірақ биылдан бастап 2-3 проценттік несиелер беріледі. Ол – анық нәрсе», – деді Ә.Смайылов.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: