Көпбалалы отбасыларға 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлер салынады

893
0
Бөлісу:

Аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 40 мыңнан астам арендалық пәтерлер салынады. Бұл жөнінде Президент «Нұр Отан» партиясының мерейтойлық съезінде мәлімдеді.

«Баспанамен қамтамасыз ету жұмысын белсендіру қажет. Көпбалалы отбасылардың арасындағы аз қамтылған отбасылар үшін 40 мыңнан астам арендалық пәтерлер салуды тапсырамын.  Бұл мақсатқа жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, көпбалалы, толыққанды емес және кірісі төмен отбасылар үшін баспанаға қолжетімділікті арттырудың маңызын атап өтті. Осы санаттағылар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдық пайыздық мөлшерлемесі 2-3 пайыз болатын бағдарлама жасауды тапсырды.     Ол үшін ТҮҚЖБ-не қаржы қажет болса – 50 млрд теңге бөлуді жүктеді.

«Айқын» ақпарат 

Бөлісу: