Н.Назарбаев: Атаулы әлеуметтік көмек аясында көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңге белгілеуді тапсырамын

1589
0
Бөлісу:

Атаулы әлеуметтік көмек аясында көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңге көлемінде төлем белгіленбек. Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының съезінде берді.
«Әр отбасы, әсіресе көпбалалы отбасылар мемлекеттің қолдауын сезінуі керек. Бүгінгі таңда 340 мың отбасында 4 және одан көп бала бар. Оларды қолдау мақсатында жыл сайын 500 млрд теңге бөлінеді. Бұл отбасылардың кіріс деңгейі әртүрлі. Сондықтан, бірінші кезекте, мемлекет кірісі төмен көпбалалы отбасыларға ерекше қамқорлық танытып, тиісті көңіл бөлінуі тиіс. Аз қамтылған отбасылардың көнкөріс шегін 70 пайызға дейін көтеруді, атаулы әлеуметтік көмек берілтін көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңге көлемінде төлем белгілеуді тапсырамын», – деді Елбасы.

«Айқын» ақпарат 

Бөлісу: