Үкімет 33 пайызға жаңарып, орташа жасы 51-ді құрады

967
0
Бөлісу:

Фейсбук әлеуметтік желісінде сарапшы Шыңғыс Мұқан жаңа сайланған Үкімет мүшелерінің орташа жас мөлшерін анықтап, министрлік құрамның қанша пайызға жаңарғанын жазды.

Шыңғыс Мұқанның әлеуметтік желіде жариялаған сараптамасын сөзбе-сөз беруді ұйғардық.

https://www.facebook.com/mukan.shynggys

 

Ерінбей есептеп шықтым. Жаңа үкіметтің орташа жасы – 51 жас. Бір қызығы олардың ішінде 50 мен 60 жастың арасындағылар 8 адам, 40 пен 50 жастың арасындағылар – 8 адам.
Тағы бір атап өтетін сәйкестік, 44 жасар үш құрдас бар (Қасымбек, Біртанов, Дәленов), 54 жасар екі құрдас (Мамин, Әбдіxалықова) және 56 жасар екі құрдас (Ермекбаев пен Мұxамедиұлы) бар.
Құрдастар үкіметі дерсіз.
Ең жасы – Абаев, ең ересегі – Сапарбаев.

  • 18 адамның ішінде алты адам ғана жаңа жасаққа қосылған – Сапарбаев, Шәмшидинова, Омаров, Скляр мен Дәленов.
    Демек, Үкімет 33 пайызға жаңарған.
  • Субъективті пікірімді қоса кетейін, төрт жаңа мүшенің екеуі – Бердібек ағам мен Күләш апайды тағайындау қатты ойландырып тастады.
  • Бір жағынан екі кісі де тәжірибелі мамандар және үкіметтегі ең үлкен адамдар. Түсінікті ғой, сыннан өткен министрлер керек болды. Екі министрлікке қатысты сын да көбейіп тұрған.
  • Дегенмен, бұл екі кісі министрлікке қуана келді деп те айта алмаймын. Көрсем-білсем дейтін амбициясы болатын жаста да емес. Ұсынысты «Тағы да» демесе де, «Алақай» деп қарсы алмаған да болар.

Бұл тағайындауға байланысты екі ой келіп отыр.
– Біріншіден, тәуелсіздік жылдарында xалықпен жұмыс жасайтын (әлеуметтік мәселе) кадрлар өсіп жетілмеген сияқты. Егер әлеуметтік сала кадрлық дағдарысты бастан кешіп жатса, саясатты әлеуемттік салаға қалай бұрамыз?

– Екіншіден, үкіметтің тіліне келсек, тағы бір парадокске тап боласыз. Әлеуметтік мәселе дейміз, әлейметтік проблемасы бар топ тағы да қазақтілділер. Бұл үкіметтегілердің қаншасы қазақ мектебін бітірді, қазақша түс көреді? Әлеуметпен қалай тіл табыспақ? Сұрақ көбейіп тұр.

Сапарбаев (1953 ж.)             – 66 жас
Шәмшидинова (1958 ж.)     – 61 жас
Тұрғымбаев (1962 ж.)          – 57 жас
Ермекбаев (1963 ж.)             – 56 дас
Мұxамедиұлы (1963 ж.)      – 56 жас
Атамкулов (1964 ж.)            – 55 жас
Мамин (1965 ж.)                  – 54 жас
Әбдіxалықова (1965 ж.)      – 54 жас
Омаров (1968 ж.)                  – 51 жас
Бозымбаев (1969 ж.)            – 50 жас
Скляр (1971 ж.)                    – 48 жас
Жұмағалиев (1972 ж.)          – 47 жас
Смайлов (1972 ж.)                – 47 жас
Касымбек (1975 ж.)              – 44 жас
Біртанов (1975 ж.)                – 44 жас
Дәленов (1975 ж.)                – 44 жас
Бекетаев (1977 ж.)                – 42 жас
Абаев (1979 ж.)                     – 40 жас

Бөлісу: