«ҚАСЫМ ХАНҒА» 24 ҚАЛАДА КАСТИНГ ӨТЕДІ

1377
0
Бөлісу:

«Қазақфильм» киностудиясының «Қасым хан» тарихи сериалына кастинг басталғаны белгілі.

Енді сериалға түсетін актерлерді іріктеу еліміздің 24 қаласында өтпек. Бұл жөнінде «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі хабарлады. Бұл – қазақстандықтардың барлығына бақ сынауға берілген зор мүмкіндік.
– Алматыда кастинг ақпанның 25-нен бастап өтіп жатыр. 31 наурызға дейін жалғасатын бұл кастингке алматылықтар белсенді қатысып жатыр. Алғашқы кезде күніне 500 адамнан қабылдадық. Поштамызға 9000-нан астам мәлімдеме келіп түсті. Талдықорғанда да кастинг өтті. Енді міне, еліміздің 24 қаласында кастинг өткіземіз. Кастингке кәсіби актерлер де, қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады, – дейді жобаның кастинг бойынша продюсері Алма Баймұратова.
Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандық (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады. Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеу. Әйелдер қауымы кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келуі керек, татуажы бар қыз-келіншектер қабылданбайды.
Сонымен бірге, kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштасына жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз, бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ басынан аяғына дейін бір сурет, өзі туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы мен салмағы, білімі мен кинодағы тәжірибиесі туралы) жолдауа болады.
Қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы бандайтын киножобаны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді. Фильмнің көркемдік жетекшісі – «Ертұрғыл» сериалын түсірген түрік режиссері Метин Гюнай.
Фильмге қатысты басқа да ақпараттармен фильмнің ресми инстаграм парақшасы – @kasymkhanfilm арқылы танысуға мүмкіндік бар.
Анықтама телефондары: 8 775 185 1082, 8(727)302-12-81

Тұмар МЫРЗА

Бөлісу: