«Канело» Головкиннің мықтылығын мойындады

1863
0
Бөлісу:

WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес BoxingScene басылымына берген сұхбатында америкалық Дэниэл Джейкобс пен қазақстандық Геннадий Головкинді салыстырды.

«Өте мықты және өте күрделі боксшылар болады. Джейкобста бұл қасиеттер аз-аздан бар. Ол мықты әрі күрделі. Ал Головкин – өте мықты боксшы. Ол үнемі алға жүргенді қалайды және жекпе-жек барысында саған үнемі қиындық тудырумен болады. Бірақ олардың стилдері әртүрлі.

Бізді қиын әрі күрделі кездесу күтіп тұр. Себебі, Джейкобста бұл үшін қажетті менталитет бар. Оның бәріне дайын екені мені қуантады. Саған лайықты түрде қарсы тұра алатын боксшымен жұдырықтасқанда ғана керемет кездесу болады. Сондықтан мамыр айында көрерменнің айызын қандыратын жекпе-жек өткіземіз деп сенемін» дейді Альварес.

Еске салсақ, 2018 жылдың қыркүйек айында Альварес Головкинді төрешілер шешімі бойынша жеңіп, қазақстандыққа тиесілі барлық белдіктерді олжалаған болатын. Енді сол титулдарын 4 мамыр күні Джейкобсқа қарсы кездесуде қорғайды.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: