Дамир Исмағұлов екінші жеңісінен соң сын айтқандарға жауап берді

897
0
Бөлісу:

Ресей атынан өнер көрсететін қазақстандық спортшы Дамир Исмағұлов UFC-дегі екінші жеңісінен соң өзіне сын айтқандарға жауап берді.

Еске салсақ, Дамир Прага қаласында өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде испаниялық Хоэл Альваресті төрешілер шешімімен жеңген болатын. Кездесуден соң Дамир бірден ауруханаға жіберіледі. Спортшының айтуынша, ол жекпе-жекке дейін ақ қолының сүйектерін сындырып алған. Ал октагондағы айқас оның бұл жарақатын үдете түскен.

«Бірнеше күн бұрын төбелесіп жеңіске жеттім. Адамдар кездесуге қатысты әртүрлі әңгіме айта береді. Ал маған жақын адамдар жекпе-жекке дейін қандай күйде болғанымды жақсы түсінеді. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Көпшілігі мерзімінен бұрын жеңіске жетеді деп ойлады және солай қалады. Бірақ мен де адаммын. Өз мүмкіндігімнен асып кете алмаймын. Жанымда болып, мені қолдаған адамдарға алғыс айтамын. Төреші менің қолымды көтерді, демек мен басыммын. Бұл үшін командама да рахмет!

UFC әлемі мықты орыстарды, дағыстандықтарды және шешендерді жақсы біледі. Сөз жоқ олар мықты спортшылар. Бірақ әлем енді қазақтарды да тани бастайтын болады» деп жазады ол желідегі парақшасында.

Исмағұлов өзінің UFC-дегі алғашқы кездесуін былтыр 1 желтоқсанда Австралияның Аделаиде қалсында өткізген еді. Үш раундтың қорытындысы бойынша октагон қожайыны Алекс Горджесті айқын жеңді.

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: