Бердібек Сапарбаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

3036
0
Бөлісу:

Президент Жарлығымен Бердібек Сапарбаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды.

1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген.  1977 жылы жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1969-1971 жылдары Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы болып бастады;

1971-1973 жылдары әскери қызметін өткерді;

1977 жылы институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист;

1977-1988 жылдары ҚазСРО Қаржыминінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары; жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы;

1988-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары;

1993 жылдары Президент Аппараты Бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары;

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі;

1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті аппаратының басшысы;

1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі;

1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды;

2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Вице-министрі – Кедендік бақылау комитетінің төрағасы;

2006-2007 жылдары Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің өкілі;

2007 жылдың 9 ақпанынан 2007 жылдың 27 тамызына дейін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі;

2007 жылдан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

2009 жылғы 4 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі;

Ақтөбе облысы әкімі қызметін атқарған.

«Құрмет» орденімен (1999 ж.), «Астана» (1998 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.) медальдарымен марапатталған.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: