Асқар Мамин – жаңа Премьер-Министр

1141
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты.  Жиында Елбасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бірауыздан мақұлдады. Елбасы жарлыққа қол қойды.

 

Асқар Ұзақбайұлы Мамин (23 қазан, 1965, Астана)

  • Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген.
  • Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. Инженер-құрылысшы, экономист.
  • Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады.
  • Кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды.
  • Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары
  • Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.
  • Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі
  • Индустрия және сауда бірінші вице-министрі
  • 2005 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалған.
  • 2006 ж. қыркүйек айынан Астана қаласының әкімі.
  • 2008 ж. сәуір айынан „Қазақстан темір жолы“ ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті болып тағайындалды.
  • 2016 ж. қыркүйек айынан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
  • Марапаттары[өңдеу]
  • «Ерен еңбегі үшін» (1998) медалі
  • «Құрмет» ордені (2006)
  • 2 дәрежелі «Барыс» ордені (2011)
  • «Астанға 10 жыл» мерекелік медалі (2008)
  • 3 дәрежелі Әулие Маниил Московский князі ордені (РПЦ, 2010) (Ресей Федерациясы)
  • Құрмет легионы ордені (2013) (Француз Республикасы)
  • Мойындау кресті гранд-офицері (2013) (Латвия Республика)
  • «Азаматтық қызметі үшін» орденінің үлкен кресті (2014) (Испания корольдігі)
  • Астана қаласының Құрметті азаматы (2011)
  • Құрметті теміржолшы (2012)
  • Қазақстанның құрметті құрылысшысы (2013)
Бөлісу: