3 жасар баланы аю құтқарып қалды

1123
0
Бөлісу:

Америкалық бала өзін аю өлімнен құтқарып қалғанын айтты. Бұл туралы New York Daily News басылымы хабарлаған.

22 қаңтар күні 3 жасар бала Солтүстік Каролинаның орманында қалып қалған. Құтқарушылар оны екі тәуліктен кейін бірақ тапқан. Бала бұталардың арасында жылап отырған екен. Сөйтіп, екі түн суық орманда болған.

Баланың шерифке айтқан әңгімесі бойынша, ол орманда өзіне дос тапқан. Ол – аю. Айтуынша, орманда түнде тонып қалмауына аю көмектескен екен. Ата-анасына да осыны айтқан.

Бұл оқиғаны бала ойдан шығарып алды ма, әлде шынымен болды ма, белгісіз. Алайда Солтүстік Каролина орманында аюдың көп мекендейтіні белгілі. Кім біледі, мүмкін соның бір болуы да мүмкін…

«Айқын» ақпарат  

Бөлісу: