«7-20-25»: «Нұрлы жерден» баспананы қалай алуға болады?

2350
0
Бөлісу:

«7-20-25» бағдарламасымен үй алғысы келгендер мемлекеттік тұрғын үйді алған кезде пәтерлер туралы ақпаратты жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет деп хабарлады «Баспана» ипотекалық ұйымы.

Осы уақытқа дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында ғана бөлініп келген еді. Бұдан былай тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылардың да қолы жетеді. Кейінгі 5 жылда азаматтың басында үйдің болмауы және жинақталған депозит сынды ешқандай талаптар жоқ. Талаптарға сәйкес, әкімдіктер пәтерлер туралы хабарландыруды тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін өздерінің интернет-ресурстарында жариялайтын болады.

2019 жылғы кредиттік тұрғын үй құрылысының жоспары (ҚР ИИДМ деректері бойынша)
Өңірлердің атауыПәтерлердің саны
ҚР бойынша барлығы11 797
Ақмола облысы240
Ақтөбе облысы778
Алматы облысы458
Атырау облысы1 136
ШҚО607
Жамбыл облысы800
БҚО1 108
Қарағанды облысы576
Қостанай облысы1 604
Қызылорда облысы600
Маңғыстау облысы103
Павлодар облысы504
СҚО78
Түркістан облысы858
Шымкент қ.904
Алматы қ.540
Астана қ.903

 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтердің жалпы аумағы 80 шаршы метрден аспауы тиіс. Осыған байланысты, көбінесе 1-2-3-бөлмелі пәтерлер салынады.

Әкімдіктер арқылы қолжетімді пәтерді «7-20-25» арқылы сатып алар жағдайындағы ай сайынғы төлемдердің болжамды есебі мынадай:

Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларындағы пәтерлерАй сайынғы төлем, теңгемен

(қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде)

1-бөлмелі (37 ш.м жоғары)37 317
2- бөлмелі (50 ш.м жоғары)50 888
3- бөлмелі (65 ш.м жоғары)66 154
Басқа өңірлердегі пәтерАй сайынғы төлем, теңгемен

(қарыз мерзімі 25 жыл болған кезде)

1- бөлмелі (37 ш.м жоғары)29 400
2- бөлмелі (50 ш.м жоғары)39 579
3- бөлмелі (65 ш.м жоғары)51 453

 «Айқын» ақпарат

 

 

Бөлісу: