Теңгенің «қазақша» дәуірі басталды

1006
0
Бөлісу:

Енді теңге банкнотасы мен монетасындағы мәтіннің тек мемлекеттік тілдегі нұсқасы қолданылады. Президент
Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валюта дизайнының жаңа редакциясын қарап, концепциясын бекітті.

«Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» №804 Жар­лыққа сәйкес, банкнота мен монетада қолданылатын жазбаның мәтіні енді қазақ тілінде ғана жазылады. Құжаттың алдыңғы нұсқасында «Банкноталар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады. Шет тілінде рәсімделетін басқа елдің тапсырысы бойынша дайындалатын кол­лекциялық монеталарды қоспағанда, коллек­циялық және инвестициялық монеталарда жазудың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде рәсімделеді» деп көр­сетілген болатын. Алдағы уақытта шет тіліндегі жазбаны тек инвестициялық және коллек­циялық монеталардан табуға болады.
Банкнота мен монета дизайнында қазақы ою-өрнек; Қазақстанның тарихы мен дамуына үлес қосқан белгілі тұлғалардың портреті; ерек­ше тарихи, географиялық орындар мен архи­тектуралық ескерткіштер және олардың бөлігі; мемлекеттік және халықаралық оқиғаға арнап салынған суреттер; еліміздің флорасы мен фау­насы; тарих, мемлекет, саясат, құқық, эконо­ми­ка, ғылым, білім, мәдениет, өнер, спорт, Қазақстанның дамуын білдіретін, бүкіләлемдік тарих, құндылық, мұра және мәдениетпен байланысты кескін қолдануға болады. Банкнота мен циркуляциялық монета дизайны бірыңғай дизайнерлік әрлеу негізінде жүзеге асады.

Кәусар АХМЕТ

Бөлісу: