Еркебұлан Сейдахметтің Қазақстан чемпионатына ауысатыны хабарланды

654
0
Бөлісу:

Ресейлік «Уфа» клубының шабуылшысы қазақстандық футболшысы Еркебұлан Сейдахметтің алматылық «Қайрат» сапына ауысатыны хабарланды.

Қазіргі таңда «Қайрат» клубының басшылығы Еркебұланды өз қатарларына алу бойынша ресейлік клубпен келіссөздер жүргізуде. Егер тараптар ортақ мәмілеге келсе, онда «Қайрат» бұл трансфер жайлы ресми түрде мәлімдейді. «Қайрат» жас футболшыға бұған дейін де қызыққан. Алайда оның былтыр қараша айында ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынында жарақат алуы трансферді болдырмай тастаған.

«Бізде (Қазақстан) чемпионат өте мықты. Біз ертең не болатынын білмейміз. Мүмкін, ертең ҚПЛ-да жүретін шығармын» депті Еркебұлан.

Еске салсақ, Еркебұлан 2017 жылы «Тараз» клубында өнер көрсетті. Ол 15 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Ал 2018 жылдың ақпан айында «Уфа» клубымен келісімге келді. Алайда жаңа клубы сапында небәрі 2 матчқа ғана қатысты. Оның жиі жарақат алуы толыққанды ойын көрсетуіне кедергі келтіріп жатыр.

БОРАНБАЕВ «УФАҒА» НЕ ҮШІН БАРДЫ: ЕРКЕБҰЛАН «ҚАЙРАТ» САПЫНА ӨТЕ МЕ? (ВИДЕО)

Абай Қазбекұлы

Бөлісу: