Теңгеде тек қана қазақша жазылады

1183
0
Бөлісу:

Бұдан былай банкнота мен монеталарда мәтіндер тек қазақ тілінде жазылады. Президент Жарлығына сәйкес өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген.

«Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» №804 Жарлыққа сай банкнота мен монеталарда қолданылатын жазбаның мәтіні енді мемлекеттік тілде ғана жазылады. Ал инвестициялық және коллекциялық монеталарда шет тілдердің жазбаларын қолдануға болады.

Құжаттың алдыңғы нұсқасында: «Банкноталар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады. Шет тілінде рәсімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді», – деп жазылған еді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: