Консерватория сахнасында – «Жаңа ғасыр» театры

746
0
Бөлісу:

Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов өзі оқыған 75 жылдық тарихы бар  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қонақта болды.

Елбасымыз жариялаған биылғы «Жастар жылы» аясында елімізде көптеген жобалар қолға алынып, әртүрлі мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып жатқаны баршаға аян. Осындай жобалардың бірі, Асанәлі Әшімовтың шәкірттерінен құралған – «Жаңа ғасыр» театры. Консерватория сахнасында абыз ақсақалдың шәкірттері «Соңғы қоңырау» атты поэтикалық драмасын үлкен концерт залында жиналған көпшілікке ұсынды.


Қойылым шымылдығын ашқан ректор Арман Жүдебаев театр ұжымына шығармашылық табыстар тілеп ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 1956 – 1961 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің актер мамандығы бойынша білім алған. Кездесу барысында қазақ кино және театр өнерінің мэтрі студенттік шағын есіне алып, консерватория ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: