Түсік ата-ананың рұқсатымен ғана жасалады

523
0
Бөлісу:

Елімізде 16 жастағы қыздарға ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасату жайлы ұсыныстан бас тартқанын Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова хабарлады.

Біз түсікке жақтасып жатқанымыз жоқ, керісінше керек емес жүктіліктің алдын алу шарасын айтып жатырмыз. Кодекс жобасының редакциясында 16 жастағы жасөспірімдерге медициналық қызмет рұқсат беру мен 18 жастан бастап ата-анасының және заңды өкілдерінің рұқсатынсыз түсік жасау туралы айтылды. Енді 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер түсікті ата-ананың және заңды өкілдерінің рұқсатымен ғана жасай алады, деді  Айжан Есмағамбетова.

2018 жылдың күзінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 16 жастағы қыздарға түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс жасаған. Себебі, 2017 жылы 3,5 мың оқушы қыз ана атанған. «Біздің балалар 16 жасында өздеріне көп жауапкершілік алады. Оларға медициналық көмектің кез келген түрін алуы қажет. Біз оларды барлық жағынан қыспақтаймыз. Сарапшылардың айтуынша, олардың тәрбиесіне мән бермегендіктен өзіне-өзі қол жұмсап, түсік жасатады», деген Елжан Біртанов ұсынысқа өз ойын білдірді. Министрлік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасының қазіргі редакциясында бұл ұсыныстан бас тартты.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: