ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША ШЕТЕЛДІК СОТТАЛДЫ?

541
0
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаев­тың төрағалығымен өткен Сенат отырысында бірқатар халық­аралық келісімдер ­ратифи­ка­цияланды. Палата 2017 жылдың 1 қарашасын­да Астанада қол қойылған Қазақстан мен Иордания арасындағы құқықтық салаға қатысты үш келісімді күшіне енгізетін заңдарды қабылдады.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім қос мемлекеттің қыл­мыс­тық істер бойынша тергеуде, қыл­мыстық қудалауда және сот ісін жүргізуде бір-біріне көмек көрсе­туін көздейді. Құжат күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дә­лелдеу үшін қажетті тергеу­лер­дің жүргізілуін реттейді. Құ­қық­тық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібі және бас тарту негіз­дері белгіленді.
Әріптестері атынан сөз алған сенатор В.Волков еліміздің эко­номикалық, мәдени, шаруашы­лық және іскерлік қарым-қа­ты­нас­та­рының үнемі өсуіне бай­ланысты мұндай келісімнің маңызы мен қажеттілігін атап өтті.
2018 жылғы 1 қазандағы жағ­дай бойынша әлемдегі 195 елден ­шет­елдік 6,8 миллион азамат Қа­зақ­станға келген, оның ішінде
616-сы – Иордания азаматы (2017 жылы – 7,7 миллион адам, оның ішінде 945-і – Иорда­ния­дан). Басқа елдерге 8,2 миллионға жуық (2017 жылы – 10,3 миллион) қазақ­стандық барған.
Азаматтар жатжұртта әртүрлі жағдайға тап болады. Айтылған деректерге сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанның 947 азаматы шет­ел­де сотталып кеткен. Елімізде 1 169 шетелдік темір тордың ар жағында отыр. Олардың бәрі құқықтық көмекке мұқтаж дейді депутат.
Мұндай келісімдердің тиім­ділігіне тоқталған В.Волков 2018 жылы шет мемлекеттердің құзы­ретті органдары «еліміздің азаматтарына қатысты қыл­мыс­тық істер бойынша көмек көрсету жөніндегі қазақстандық құқық қорғау органдарының 59 тергеу тапсырмасын орындағанын» жеткізді. 2017 жылы олардың са­ны 291 болды. Өз кезегінде шет ­мем­лекеттерден түскен осындай 384 ұсыныс қаралды. 2017 жылы олардың саны 591 болды.
Қазақстан мен Иордания арасындағы «Адамдарды ұстап беру туралы келісім» уағдаласушы мемлекеттің аумағында жүрген, ұстап беруге әкелетін қылмысы үшін сұрау салушы тараптың аумағында қылмыстық қудалау немесе сот үкімін орындау мақса­тында іздеу салынған адамды ұстап беруге бағытталған. Сот­талған адам­дарды беру туралы екіжақты келісім сотталған адам­ның немесе оның заңды өкілінің жазбаша ке­лі­сімі болған жағдайда және беруге екі та­раптың келісімі болған кезде ғана жүзеге асады. Өздерінің ұлт­тық заңнамасына сәйкес тарап­тар­дың сотталған адамға кешірім, ра­қымшылық жасау құқықтары бар.
Сенат сондай-ақ 2017 жылғы 29 қарашада Минскіде қол қо­йыл­ған Қазақстан мен Беларусь ара­сындағы өнеркәсіптің қорға­ныс салалары ұйымдарының өн­дірістік және ғылыми-техни­ка­лық коопе­рациясы туралы үкі­мет­аралық келісімді рати­фика­циялады.
Құжат екі елдің қорғаныс өнер­кәсібі саласындағы кәсіп­орындары арасындағы өзара іс-қимылды рет­­тейді. Онда белгі­ленген ере­же­лер өнеркәсіптің қорғаныс са­ла­лары ұйымдарының экономи­ка­лық, өндірістік және ғылыми-тех­никалық коопера­циясы үшін бе­рі­летін өнімді және әскери-техни­ка­лық мақсаттағы көрсе­ті­летін қыз­меттерді кво­талаудан және лицен­зиялаудан босату сияқ­ты қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін бо­лады. Сон­дай-ақ келісім аясында бе­рілген немесе құрылған зият­кер­лік мен­шікті қорғауды қамта­масыз ету жөніндегі шаралар белгіленген.

Бөлісу: