Үйге 86 пайыз отандық құрылыс материалдары қолданылады

685
0
Бөлісу:

Тұрғын үй құрылысындағы отандық тауар өндірушілер үлесі 86 пайызға жетті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісінде вицеминистр Қайырбек Өскенбаев айтты

– Осы жылдан бастап мегаполис қалаларда жұмыс істейтін жастар үшін мың пәтердің құрылысы басталады. Құрылыс құнын арзандату үшін құрылыс алаңдарының инженерлік-коммуникациялық жабдықталуы бойынша шаралар қабылданып жатыр. 2019 жылы 13 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр. Осының арқасында 118 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етілетін болады, – деді ол.

Оның айтуынша, баспананың көптеп салынуы отандық тауар өндірушілерге көмектеседі. Құрылыс материалдарының өндірісі артады.

– Отандық құрылыс материалдарын баспана салуда пайдалануға ерекше назар аударылуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құрылыстағы қазақстандық өндірушілердің үлесі 77% құрады. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 5% артық. Оның ішінде, тұрғын үй құрылысында 86%-ға жетіп отыр, – деді Қайырбек Өскенбаев.

Вице-министр бұл көрсеткішті алдағы уақытта 90 пайызға жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: