Техникаға 25 пайызға дейін субсидия беріледі

517
0
Бөлісу:

Биылдан бастап субсидияның жаңа механизмі енгізілді. Техникаға 25 пайызға дейін субсидия беріледі. 

–Лизинг компаниясына барсаң, бастапқы төлем 25 пайыз талап етеді. Содан кейін ғана субсидия беріледі. Субсидияға өтінім беріп,  25 пайызды қолдады дегенде есеп шотқа ақша түседі. Субсидия лизингтің бастапқы төлемі ретінде өтеді. Шаруаларға лизингті жеңілдетуге арналған. Кепіл мәселесі де, техника мәселесі де шешілді, –  деді  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорының Басқарма төрағасы Жандар Омаров.

Айтуынша, экспортқа шығу үшін елімізде мал аз. Сондықтан сырттан мал әкелу үшін «Сыбаға» бағдарламасы бар. Көп адамның оған да шамасы келмейтіні белгілі. Алайда ірі қара малды несиеге  сатып алып, сол әкелген малды кепілге қабылдайтын механизм қойдық. 2018 жылдан бастап министрлік те бір елмен және олардың ветеринарлық талаптарымен келісіп, экспортқа ет жіберу мәселесі дамытуда. Өйткені экспортқа шықпасақ, өсу мүмкін емес. Ал іштегі малды бір қалтадан бір қалтаға салғаннан ештеңе өзгермейді.  Қазір бізге «Казагрокепіл» мекемесі қосылды. Енді осы бағдарламаға қатысушылардың қаржысы жетпесе, 85 пайыздық кепіл береді. Сол кепілмен қаржы ұйымы не несиелік серіктестікті көрсетіп, сомасын көбейтіп алуға болады екен.

«Айқын ақпарат»

 

 

Бөлісу:

Оқуға кеңес береміз