Молдоваға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының ойыншылары белгілі болды

485
0
Бөлісу:

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек 21 ақпан күні Молдоваға қарсы ойынға шақырылған футболшылар тізімін жариялады.

Бұл туралы ҚФФ ресми сайты ақпарат таратты. Тізімде «Ростов» жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов, «Уфа» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет және «Қайраттың» бірнеше ойыншысы жоқ. Ойын ФИФА күнтізбесіне сай уақытта болмайтындықтан аталған ойыншыларды клуб басшылары босатудан бас тартқан.

Қақпашылар: Дмитро Непогодов («Ордабасы»), Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Рауан Орынбасар («Жетісу»), Рафқат Аслан, Руслан Есімов (екеуі де – «Ертіс»), Сағадат Тұрсынбай, Темірлан Ерланов, Мардан Төлебек, Марат Быстров, Сергей Малый (барлығы – «Ордабасы»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Еркін Тапалов («Жетісу»), Максим Федин, Азат Нұрғалиев (екеуі де – «Тобыл»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Бапкерлер штабы: Бас бапкер – Михал Билек. Көмекшілері – Михал Хипп, Талғат Байсуфинов.

Николай Родионов – қақпашылар бапкері.

Абай Аймағамбет

Бөлісу: