Кәсіпкер әйелдерге арналған жобаға өтініш қабылдау басталды

2443
0
Бөлісу:

Кәсіпкер әйелдерге арналған жаңа «Umay Boost» білім беру жобасына өтініштер қабылдау уақыты белгілі болды. Бұл жоба «MamaSpace» жеке қоры мен «Pipl» нетворкинг-бюросы және «Шеврон» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған. «Umay Boost» жобасы кәсіпкер ханымдарға жаңа бизнес-шешімдер мен  тіл табысу, сыни ойлау, тайм-менеджмент, креатив және тағы басқа «икемді» дағдыларын қолдану арқылы бизнесті жаңа кәсіби деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

– Қатысушылар тренерлермен және  кеңесшілерімен бірге өз бизнесінің жаңа қырларын ашады. Кәсіпкер әйелдер көшбасшылық ойлау қабілетін қалай қалыптастыру және қалай жаңа дәуір көшбасшысы болуды үйренеді. Бұл жоба оларға операциялық иірімдерге сырт көзбен қарап, алдағы жыл ішінде бизнесін дамыту жоспарын құруға көмектеседі, – дейді «Pipl» нетворкинг-бюросының жетекшісі және Әйелдер кәсіпкерлігі күнінің ТМД мен Орта Азиядағы ресми өкілі Мерей Мұстафина.
Астаналық кәсіпкерлерден құралған қазылар алқасы 16 кәсіпкер әйелді жобаға қатысуға таңдап алады. Тренинг 8 модульден тұрады және бизнес-саласындағы сарапшылар мен шеберлердің тәжірибелік, интерактивті воркшоп үлгісінде өтеді. Оқу барысында қатысушылар кәсіби бизнес-тәлімгерлердің коучингі мен жетекшілігіне ие болады. Одан бөлек, жобаға қатысушылар жұптық және топтық тапсырмалар арқылы бір біріне өзара қолдау көрсетеді.
Жобаға Астана қаласындағы, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы жеке кәсіпорын иелері мен жетекшілері қатыса алады. Жобаға қатысу тегін, тек байқау негізінде жүзеге асырылады.
Қатысу үшін келесі сілтемедегі  өтінішті толтыру керек: http://bit.ly/2I1tv3G. Өтінішке не себепті  үміткер аталған оқудан өтуге тиіс екендігін 300-500 сөзден тұратын эссе  ретінде жазып, тіркеуі қажет. Сондай-ақ кәсіпорынның тіркелгендігі туралы анықтаманы ұсынуға тиіс.
Жобаға қатысу өтініштері 2019 жылғы 15 ақпаннан 15 наурызға дейін қабылданады. Толық ақпарат жобаның ресми веб-сайтында – promo.umay.be.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: