Балабақша тәрбиешісі мұғалім дәрежесіне жеткізіледі

2234
0
Бөлісу:

Бірінші сынып бағдарламасының бір бөлігі  0-сынып бағдарламасына ауысады. Осылайша сандар мен әліпбиді «нөлебайда» оқимыз. 0-сыныпты балабақшада оқытатын тәрбиешілердің дәрежесі бастауыш сынып мұғалімдерінің дәрежесіне  жеткізіледі. Бұл туралы  Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған министрліктің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті хабарлауынша, 0-сынып оқулықтарын енгізу 2020 оқу жылының қыркүйегіне жоспарланып отыр.
«Бүгінде 0-сынып – балабақшадағы даярлық тобы. Егер мектептің өз ғимаратында 0-ші сынып ұйымдастыруға мүмкіндігі болса, оған толықтай құқы бар. 0-сыныпты енгізу құқынан балабақшаларды ешкім айырған жоқ. Осылайша 2020 жылы еліміз бойынша барлық мектеп мен балабақшада 0-сыныптар ашылады. Қолданыстағы білім туралы заңнамада балаларды 6 жастан 1-сыныпқа баруға міндеттейтін норма бар. Заңның аталмыш нормасына өзгеріс енгізіледі», – дейді департамент өкілдері.
Ол қандай өзгеріс, 2019 жылы, былтырғыдай, 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толмаған балалар ата-ананың қалауымен мектепке бара алады немесе балабақшада қалуына болады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. Егер бала мектепалды даярлық сыныбының бағдарламасын балабақшада меңгерсе, мектепте оны қайта оқи алмайтынын және 1-сыныпқа баруы керегі ескеріледі.

Тұмар Мырза

Бөлісу:

Оқуға кеңес береміз