Мюнхен конференциясына қатысты

484
0
Бөлісу:

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 15-17 ақпан күндері Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты.

Танымал әлемдік саясаткер­­лер, сарапшылар мен қоғам қай­рат­­­­кер­лері бас қосатын беделді фо­­рум­да дәстүр бойынша жа­һан­дық ­жә­не аймақтық қауіпсіз­діктің ең ма­ңызды мәселелері талқыланды.
Таяу Шығыс, Балқан мен Кав­казда бейбітшілікті қамта­масыз етудің келешегі пікір­та­ластардың басты назарында бол­ды. Жекелеген сессиялар ха­лық­а­ралық сауда, қару-жа­рақты бақылау, климат өзгерістері мен кибертехноло­гия­ның қа­уіп­сіздік жағдайына ықпа­лына арналды.
Конференцияда мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, парламенттер төрағалары, ха­лықаралық ұйымдардың көш­бас­­шы­лары, ықпалды сарапшы­лар сөз сөйледі. Шараға мемле­кеттер мен үкіметтердің 35 бас­шысы, 50 сырт­­қы істер министрі, 30 қор­ғаныс министрін қосқанда, ­бар­лығы ­600-ден астам делегат атсалысты.
Сенат төрағасы бірқатар ­па­­нельдік сессияларға және «Трансұлттық қауіпсіздік» та­қырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысты. Мүдделі пі­кірталастың жалпы қо­ры­тын­дысы бойынша қазіргі кезде ор­талығы Біріккен Ұлттар ­Ұйы­мы болған ха­лық­аралық тәр­тіп барша адам­зат­тың бір­лес­кен жа­уабын талап ететін аса маңызды қатерлермен бетпе-бет келіп отыр­ғаны мо­йындалды.

Айхан Шәріп

Бөлісу: