Қалетаев: Жастардың жұмыссыздық мәселесі шешілген жоқ

460
0
Бөлісу:

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Үкімет сағатында жастардың жұмыссыздық мәселесі жайында айтты.

– Маңызды мәселе – жастар арасындағы жұмыссыздық. Ресми статистика бойынша, соңғы 15 жылдың ішінде жастардың жұмыссыздық деңгейі 10 % төмендеген. Соңғы үш жылдың ішінде жұмыссыз жастардың саны 92 мыңнан 81 мыңға дейін, яғни 4,1% -тен 3,9% азайған. Жалпы, Қазақстандағы жұмыссыз жастар деңгейі ТМД елдері арасында ең төменгі болып саналады. Солай десек те, біз жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешіп тастадық деп айта алмаймыз. Мұны ашық айтуымыз қажет. Бұл мәселенің шешімін жастардың түрлі санатын жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қарастырып жатырмыз, – деді Дархан Кәлетаев.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: