Сенат жиынына студенттер қатысты

502
0
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының жалпы отырысы болды. Жиында сенаторлар «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа конституциялық заңды қабылдады. 

Заңның мақсаты – сот жүйесін жаңғырту, судья кадрларды сапалы дамыту және жаңарту. Құжат бойынша Жоғарғы сот­тың және облыстық соттардың жалпы отырыстарының төралқала­ры жойылады. Бұл ретте «облыстық соттың кеңейтілген жалпы отыры­сы» енгізіледі. Оның құзыретіне жергілікті соттың екі судьясын Жоғарғы соттың кеңейтілген жал­пы отырысына жіберу мәселелерін қарау, Жоғарғы сот кеңесінің, осы ЖСК жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комис­сияның, Жоғарғы сот жанын­дағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамына судьялар­дың кандидатураларын қарау және Жоғарғы соттың кеңей­тілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдар шыға­ру кірмек.
Судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін ЖСК жанынан Сот жюриі құрылады, ол 6 судья­дан, кеңесші дауыс беру құқығы бар қоғам өкілдерінен және судьялар қатарынан шыққан ЖСК-нің 1 мүшесінен тұрады.
Отырыста Сенат депутаттары сондай-ақ қолданыстағы заңна­маға сот жүйесін жаңғырту мәсе­лелері бойынша түзетулерді де қабылдады. Оған сәйкес, «Қазақ­стан Жоғарғы сот кеңесі туралы» заңға осы ЖСК-нің судьяларды тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңының талап­тарын орындамағаны үшін атқара­тын лауазымынан босату мәселе­лерін қарайтыны және «Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы» жыл сайынғы ұлттық баяндаманы түзетіні тура­лы толықтырулар енгізілді.
Заңмен ЖСК-нің заңгер-ғалым­дар мен адвокаттар қатарынан шақырылған мүшелеріне еңбекақы төлеу де белгіленеді, ол кеңеске республикалық бюджеттен бөлін­ген қаражат есебінен жүргізіледі.
Бұдан бөлек, отырыста сенатор­лар ЕАЭО-да тауарларды сәйкес­тен­діру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялап, Елбасы қол қоюына жолдады. Құжат Еура­зия­лық экономикалық комис­сия Кеңесінің шешімімен тізбесі бекі­ті­ле­тін таңбалануға жататын тауар­ларды одақ аясында бірізден­ді­рілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тәртібін айқындайды.
Мұның сыртында 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы Қазақстан Рес­публикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақ­тас­тық туралы үкіметаралық келі­сімге өзгерістер енгізу туралы хат­тама ратификацияланды. Құ­жат жанар-жағармай материал­дарының ішкі нарығының балан­сына байланысты экспортты ашу-жабу немесе мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін импорттау жөнінде шешім қабылдау кезінде ұтқырлықты дамытуға жәрдем­десетін болады.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қазақ-қырғыз мемле­кеттік шекарасының режимі туралы үкіметаралық келісім де рати­фикацияланды. Құжаттың басты мақсаты құқықтық негізді өзара белгілеу және мемлекеттік шекарада Қазақстан мен Қырғыз­стан арасын­дағы қатынастарды реттеу. Мемле­кеттік шекара режи­мі шек­а­рада қолданылатын қағи­да­лардан тұрады және мемлекеттік шекараны күтіп ұстау; мемлекеттік шекара арқылы арқылы адам­дар­ды, көлік құралда­рын, жүктер мен өзге де мүлікті өткізу; мемлекеттік шекара үстінен ұшуды жүзеге асыру; мемлекеттік шекарада, шек­ара жолақтарында, сондай-ақ шекара­лық сулар шегінде шаруа­шы­лық және өзге де қызметті жүргізу; шекаралық қақтығыс­тарды шешу тәртібін қамтиды.
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тап­сырыс туралы» заң жобасын Сенат жан-жақты қарай келе, өзгеріс енгізіп, Мәжіліске кері қайтарды.
Отырыс соңында сенаторлар депутаттық сауалдарын жария етті. Айта кету керек, Жастар жылын қолдау аясында Сенат отырысына Жоғарғы сот жанындағы Сот төре­лігі академиясының магис­трант­тары және жоғарғы палатада тәжірибеден өтіп жатқан Еуразия ұлттық университетінің студент­тері қатысты.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу: