Boeing 737 MAX 9 ұшақтары Қазақстанға жеткізіледі

584
0
Бөлісу:

SCAT әуекомпаниясы Қазақстан әуе флотын екі Boeing 737 MAX 9 ұшақтарымен жаңартады. ТМД және Орталық Азия елдері арасынан біздің ел бұл ұшақ түрлерін алғашқылардың бірі болып пайдаланады. Бұл туралы компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі басшысы Виктория Старожилова хабарлады.

Ұшақтарды жеткізу арқылы SCAT әуекомпаниясы қарқынды дамуы мен әуе кемелері паркін заманауи ұшақтармен жаңарту және толықтыруды көздейді. Нәтижесінде ішкі және халықаралық рейстердің саны мен жиілілігін арттыру көзделеді.
Boeing 737 MAX 9 әуе кемелері мамыр айында ұшақ құрастырушы зауыттан тікелей жеткізілетін болады. Салон 189 орынмен жасақталған. Оның 16-сы бизнес санатындағы орындар.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу: