Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі – 26 915 теңге

675
0
Бөлісу:

2019 жылы қаңтарда ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 26 915 теңге болды. Бұл хабарды Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептеліп, орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейі 26 915 теңге анықталды. 2019 жылдың қаңтарымен 2018 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 1,8 пайызға өскен. Онда ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,5 пайыз, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа 16,5 пайыз, жеміс пен көкөністер 8,3 пайыз, нан мен жарма өнімдері 7,5 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер 2,2 пайыз болды.

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең. Бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Бөлісу: